Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бесқауға ауылының әкімі Ж.Ибраевтың 2015 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындар алдында есебінің ТЕЗИСТЕРІ

Әкімшілік-аумақтық бірлік.  Бесқауға ауылының  жалпы тұрғындар саны 470 адам.  Павлодар облысы орталығына дейін  арақашықтығы 180 шақырым, Екібастұз қаласына дейін-54 шақырымды құрайды.

Ауылшаруашылық.  Бесқауға ауылында 13 ауылшаруашылық құрылымы бар, оның ішінде ШҚ-10, ЖК-3.  Ал 2016 жылдың 01 қаңтарына  ірі қара мал саны  2609 (2015ж-2274 бас, +335) бас, қой-ешкі 2047 (2015ж-2046 бас, +1) бас,  жылқылар 395 (2015ж-389 бас, +6)  бас, құстар 451 (2015ж-417 бас, +34) бас. Қыстаққа дайындалған шөп 4960 тонна. 5267 Га жуық жерге бидай, арпа, көпжылдық шөп егілді. «Болат», «Тилек», «Ахметов» ш/қ 10 бас қазақтың ақ бас асыл тұқымды бұқаларын сатып алды. Келер жылы 6 бас алу жоспарлануда.

Шағын кәсіпкерлік. Ауыл аумағында 3  қызмет ететін нысанды бірлік саласы бар: дүкен -2, дәріхана -1. 

Білім.  Жалпы орта білім беретін  мектеп жұмыс істейді, осы мектепте 59 оқушы (2014ж-60, -1) білім алады. Мектеп  Интернет жүйесіне қосылған. Тегін тамақтанумен 40 (68%) оқушы  қамтылған.  ҰБТ бойынша орташа ұпайы -85(2014ж-58, +27), оның ішінде 1 түлек  ЖОО –ға  мемлекеттік  грантымен оқуға түсті.  Шағын орталықта бала саны 25, көлеңкеше және жылы еден салынды. Компьютер класы 10+1 сатып алынды.  Жылыту қазандығы ауыстырылды.

Денсаулық сақтау.  Ауылда дәрігерлік  қызмет көрсететін  медициналық пунктте 2 медқызметкер жұмыс істейді.  

Спорт және мәдениет. Клуб,  кітапхана, футбол алаңшасы бар.

Ауыз су. КБМ  толық халықтың сұранысын қамтамасыз етіп тұр. КБМ – нің іші – сыртының тазалығын үнемі қалалық СЭС мамандыры қадағалап, тексеріп тұрады.

Бюджет.  Ауылдың ішкі жолдарын ұстау ауыл әкімі құзырында. 25 шақырым қашықтықтағы Әйтен ауылымен қатынас жолына жергілікті бюджеттен 700,0 мың теңге бөлінді. Осы жұмысты «Ардабил» ЖШС-і атқарды. Көше шамдарына 198,0 мыңға құрал-жабдықтар алынды. Орталық көшенің 380 м сымы ауыстырылды. Көктемде су тасқынынан бүлінген Екібастұз – Бесқауға жолының 3,5 км бөлігі жөнделіп, көпір салынды. «Ақбұлақ» бағдарламасы щеңберінде геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бесқауға – Әйтен жолы 8,0 млн.теңгеге жөнделді. Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша саябақ пен балалар ойын алаңшасы қоршалды.

Әлеуметтік сала.  2015 жылдың 01 желтоқсанына жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде  есепте тұрғандар саны 3 адам. Жыл басынан жаңадан 31 жұмыс орны ашылды. Тұрақты жұмысқа 4 адам орналастырылды,  уақытша жұмыс орнына - 27 адам. Ұлттық ОТАУ телеарнасын 61 үй (73пайыз) көруде. Әр үйге интернет қойғызуға мүмкіндік туды. Барлығы 19 үй интернетке қосылған. Оған қоса, « Қазақтелеком» Екібастұз филиалы клубқа қоғамдық қол жетімді инетрнет жұмыс істеп тұр.

«Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы.  Әлеуметтік жұмыс орнына - 1 адам жіберілді. 1 түлегіміз оқуын жалғастыруда.

Демеушілер көмегі.  Ауыл тұрғындары бірігіп, мешіт асханасына стөл орындықтарымен сатып алды. Ауыл тумасы, кәсіпкер Алеев Орынбасар отбасы атынан мешітке ыдыс-аяқ сатып әперді. Мешітке көмірді, аз қамтылғандарға 2 тоннадан  қала әкімі бөлген көмірді «Турсын-ЕК» ЖШС-і тегін жеткізіп берді. Ш/қожалықтары қарттар күніне, жаңа жылға, азқамсыздандырылған отбасының балаларына қайырымдылық көмек қылды. «Болат», «Тилек», «Жанна», «Ахметовтар» шаруа қожалықтарының басшыларының бастамасымен мектептің бастауыш сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Биыл ш/қ басшылары қалалық қайырымдылық марафонына қатысты. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қолдауымен ауылшаруашылық еңбеккерлері құрметтелді. Көптеген жылдарда келісімсіз төгілген қатты қалдықтардың орнының біраз бөлігі демеуші көмегімен («Тамыр» ЖШС)жиналды.

Тұрақты  қоғамдық-саяси жағдай.   Мемлекеттік атқарушы органдар қоғамдық ұйымдармен бірге ауылдың  моральді психологиялық жағдайы мен азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін мемлекеттік, ұлттық мейрамдар, қоғамды-саяси, бұқаралық спорттық іс-шаралары өткізілді.

2016 жылға Бесқауға ауылын дамытуға алға қойылған міндеттер: Мемлекеттік әлеуметтік  бағдарламаларына қатысу және әр жылы 1 ш/қожалығын және жұмыс орындарын ашу. Ішкіауылдық жолдарын, көшелердің жарығын, ауылды абаттандыру бойынша жөндеу  жұмыстарын жалғастыру. Екібастұз қаласымен ара қатынас жолын күрделі жөндеуді бақылау. Интернет сапасын арттыру мақсатында баған орнату. Ауылдың ішкі жолдарын жөндеуге проекті сметалық құжаттарын даярлау. Ауыл саябағын абаттандыру.