Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қоянды ауылдық округі әкімінің тезисі

Қоянды ауылыдық округінің халқы саны 753 адам. Облыстық орталық Павлодар қаласына дейін - 175 шақырым, Екібастұз қаласына дейін -  25 шақырым, жалпы ауданы – 9,9 га.

Ауыл шаруашылық

Ауылдық округтегі ЖШС – 2, ШҚ – 9, ЖК – 20. Шаруа қожалықтары мал азығын жеткілікті мөлшерде байындады.

Шағын кәсіпкерлік

Қоянды ауылының аумағында 3 дүкен жұмыс жасайды. Оның бірі – шағын наубайхана.  Дүкен иелерімен әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларының бағасын тұрақтыландыру үшін  меморандумға қол қойылды.

Білім

Қоянды ауылында № 14 жалпы орта білім беретін мектеп, Құрылысшы ауылында – бастауыш мектеп жұмыс жасайды. Жалпы орта білім беретін мектепте – 93 оқушы, оның 44-і бастауыш мектепте оқиды.  Мектепте шағын бала бақша бар.

Денсаулық сақтау

№ 2 емхана  Қоянды ауылы мен Теміртас ауылының тұрғындарына қызмет көрсетеді, Құрылысшы ауылы Екібастұз қаласының № 3 емханасында. Ауылдық округтегі медициналық пункте 2 медициналық  қызметкер жұмыс істейді.

Мәдениет пен спорт

№ 14 жалпы орта білім беретін мектепте ауылыдық клуб орналасқан.

Қаусар ансанбльі қазақ хандығының 550 жылдық облыстық іс – шараларға қатысты. 

 Бюджет

 Осы жылы Теміртас ауылында жаңа балалардың ойын аланы құрылыды, Қоянды ауылында ағаштар отырғызылды.  Халықпен салық салу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік сала

Елді мекенді абаттандыру бойынша қоғамдық жұмыстарда 4 адам жұмыс жасайды. Мекен – жайлық әлеуметтік көмек алатын адамдар жоқ. Кәсіпкерлер аз қамтылған отбасыдағы балалардың тамақтануына демеушілік көмек көрсетеді.

 Қоғамдық - саяси жағдай

Атқарушы билік органдарымен қоғамдық бірлестіктермен бірге моральді-психологиялық климат, ауылдық округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайы, мемлекеттік және ұлттық мерекелер, қоғамдық – саяси, спорттық – бұқаралық іс шаралар өткізілді.

2016 жылға ауылдық округтін даму міндеті

1) Қала әкімінің алдына ауылдық кітапхана ашу туралы ұсыныспен шығу.

2) футбол алаңын орналастыру бойынша жобалық сметалық құжаттарды дайындау.