Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құрметті екібастұздықтар!

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС «Отын беру жабдықтары өндірістік кешенін қайта жаңғырту және модернизациялау. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС отын беруге қосымша енгізу трактының құрылысы» жобасына қоршаған ортаға келтіретін алдын ала бағалауын қарау жөніндегі қоғамдық тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды. 

Қоршаған ортаға келтірілетін әсерді алдын ала бағалау жобасының толық нұсқасымен және жоспар жобасының материалдарымен қағаз бетіндегі нұсқасымен мына мекенжай бойынша оқып-танысуға болады:

Екібастұз қаласы, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС,  жалпыстанциялық жабдықтар және отын беру жабдықтары бойынша жөндеулерді жоспарлау және сүйемелдеу бөлімі. 

Электронды нұсқадағы материалдарды мына электронды поштадан сұратып алуға болады: vitaliy.u-din-zhin@ekibastuz-gres1.kz

Жоспардың жобасы бойынша ескертпелер мен ұсыныстарды мына электронды поштаға жіберуге болады: vitaliy.u-din-zhin@ekibastuz-gres1.kz

Қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күн және жері: 29.01.2016 ж. сағат 11:30 минутта, мекенжайы: Екібастұз қаласы, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС электр станциясы,  инженерлік-тұрмыстық корпус,  1 қабат,  акт залы.