Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Ең үздік шеберлік сыныбы» мұғалімдердің қалалық байқауы

6 қаңтарда балалар музыка  мектебінде «Инновация – мұғалімдер тәжірибесіне» тақырыбында «Ең үздік шеберлік сыныбы» қалалық байқауы өткізілді.   Іріктеу  турына деңгейлік біліктілік курстарынан өткен, жоғары санатты 13 мұғалім өтті.

Бірінші тур қорытындысы бойынша  оқытудың ең үздік технологиясын қолданған сегіз мұғалім өтті.  

            «Шеберлік шеберханасы - көрсетемін, баяндаймын, үйретемін» номинациясында үміткерлер өз оқушыларымен сабақтың фрагментін көрсетті.

            Бірінші турда мектептердің  педагогтық ұжымдары қатысушылардың «Визиттік  карточкасын» көрсетсе, «Ең үздік нобелев  дәрісі» конкурсында мұғалімдер өз оқушыларының жетістіктерін баяндады.

            Конкурс  қорытындысы бойынша бас жүлде және ақшалай сыйлыққа  қазақ қыздар  гимназиясы   география пәнінің мұғалімі Айбек Хуандык ие болса, бірінші орынды  – № 7  мектеп-гимназиясы  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнәр Қазкенова, екінші орынды – № 24 мектептің бастауыш сынып мұғалімі  Марина Макаренко, үшінші орынды қазақ тілі  пәнінің мұғалімі   Әйгерім Серікқызы  Бисмильдинова иеленді.  № 24,  13, 6 мектептер мен Сарығамыс ауылдық мектебінің мұғалімдері түрлі номинациялардың жеңімпаздары болып танылды.