Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы ардагерлерді құттықтады

Жаңа  2016 жылды мерекелеу қарсаңында Екібастұз қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін қайырымдылық акциясы өткізілді.

Қала әкімі Александр Вербняк Ұлы Отан соғысының ардагері Октябрина Илларионовна Борисованы және Екібастұз қаласының құрметті азаматы, КСРО және ҚазКСР-і ағарту ісінің үздігі Аркадий Мартынович Бауэрды құттықтады.

Аркадий Бауэр 1935 жылдың 18 мамырында Әзірбайжан КСР-ының Кировабад қаласында туды. 1963 жылы Семей педагогикалық институтын бітірген. №3 және № 7 орта мектептерінің, Екібастұз педучилищесінің директоры болып  жұмыс істеді. Қалалық және облыстық халық депутаттары кеңесінің депутаты болып сайланған, Екібастұз қалалық атқару комитетінің төрағасы, қала әкімінің әлеуеметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтері атқарды. «Қайырымдылық» қоғамдық қорының директоры болды.

Барлық ҰОС ардагерлеріне «Қайырымдылық» қоғамдық қорының қаржысынан атаулы құттықтау ашықхаттары, сонымен қатар 71 844 (жетпіс бір мың сегіз жүз қырық төрт) теңге сомасында азық-түлік сыйлық жиынтықтары табысталды.