kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қала басшысы Жеңіс Шанаққызы Мейірманды 70 жылдық мерейтойымен құттықтады

          28 желтоқсанда қала әкімі Александр Вербняк Екібастұз қаласының құрметті азаматы, Қазақ КСР-і білім беру ісінің үздігі, педагогика саласының еңбек ардагері  Жеңіс Шанаққызы Мейірманды 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

- Екібастұз қаласының әкімі болып жұмыс істеуді бастағанымнан-ақ Сіздің қолдауыңызды сеземін.  Сіз әрдайым орынды кеңес беріп, қол ұшыңызды беруге әзірсіз. Жақындарыңыз бен жолдастарыңыз Сізді мақтан тұтады. Сіз қалалықтардың арасында  үлкен абыройға бөленген жансыз. Бүгінгі таңда өзіңіздің күш-қуатыңыз бен құлшынысыңызды еліміздің өркендеуіне, қоғамда келісім мен тұрақтылықтың нығаюына, мемлекеттік тілдің қанаттануына жұмсап, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне басты  назар аударудасыз, - деді А. Вербняк.

Қала басшысы мерейтой иегеріне мықты денсаулық, рухани сергектік, амандық тілеп, әдемі оюлы шапан, құттықтау хат және гүл шоғын табыс етті.

Жеңіс Шанаққызы өз еңбек жолын 1996 жылы Екібастұз қаласының №2 орта мектебінің кітапханашысы, қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі болып бастады. Кәсіподақ төрағасы, партия ұйымының хатшысы болды, директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары, педагогикалық училищенің директоры, № 26 орта мектептің директоры қызметтерін атқарды.

Құрметті демалыста бола тұра Ж. Мейірман қаланың қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады. Көптеген қалалық қоғамдық комиссиялардың және мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, № 26 және «Зерде» мектептері жас мамандарының тәлімгері болып табылады.  

Екібастұз қалалық мұсылман әйелдер лигасының төрайымы болғанда жастар мен әйелдердің рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесі, мәдениеттің және ұлттық дәстүрлердің дамуы, қазақ халқының әдеби, мәдени және тарихи мұраларын насихаттау, ана мен баланы және табысы аз қамтылған отбасыларды заңды  қорғау  бойынша үлкен жұмыс атқарды. Ол қыздар клубын, «Келіндер отауы», «Әжелер алқасы», «Мейірім» топтарын құрды. Қалалық телеарнамен бірігіп, «Назерке» телеклубын ұйымдастырды.

Белсенді қызметі үшін Ж.Ш. Мейірман «Қазақ КСР-і ағарту ісінің үздігі» және «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен, «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, «Еңбек ардагері», «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» және «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза