Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Аймақ басшысынан сыйақы алды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс әкімі Қанат Бозымбаев Кереку аймағында әдебиетіміздің дамуына үлес қосып жүрген бір топ қаламгер - Қазақстан Жазушылар одағының мүшелеріне 200 мың теңге көлеміндегі атаулы сыйақыны табыстады.

Мұндай құрметке Екібастұз өңірінен үш қаламгер ие болды, олар: Жұмағали Қоғабай, Сайлау Байбосын және  қалалық «Отарқа» газетінің редакторы Жанаргүл Қадырова.

Қаламгерлерді облыс әкімінің резиденциясында қабылдаған Қанат Алдабергенұлы Павлодардағы Ертіс өңірінің әдеби құндылығын сақтау мен арттыруда, шығармашылығы арқылы өскелең ұрпақтың ана тіліне және туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырудағы еңбегі үшін шынайы алғысын білдірді.

Қаламгерлер ұлттық өнер мен әдебиетке қатысты келелі әңгіме қозғап, аймақ басшысымен естелікке суретке түсті.