Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мүлікті жария ету бойынша мемлекеттік акцияның барысы туралы құқықтық жаппай оқу шеңберіндегі семинар

2015 жылғы 25 желтоқсанда Екібастұз қаласы әкімі резиденциясының кіші залында жаппай оқу шеңберінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы»  2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V Заңына 2015 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша семинар өткізілді.      

         Семинарға 57 адам санында Екібастұз қаласы әкімдігі дербес бөлімдерінің басшылары мен мемлекеттік қызметшілері қатысты.

         Тыңдаушыларға мүлікті жария ету туралы Заңның негізгі ережелері, мүлікті жария ету мерзімінің 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылғаны, мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның байланыс деректері туралы түсінік берілді. 

  

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің аппараты