Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы және жәрдемақының өсуі туралы

2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР-ның «2016-2018 жылдарға республикалық бюджет туралы» № 426-V Заңына, 2015 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» № 985  Қаулысына сәйкес мынадай көрсеткіштер бекітілді:

 

1)    айлық есептік көрсеткіш – 2 121 теңге;

2)    ең төмен зейнетақы мөлшері – 25 824 теңге;

3)    ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 22 859 теңге;

4)    базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 11 965 теңге;

5)    жалақының ең төменгі мөлшері - 22 859 теңге.

 

         2016 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық зейнеткерлердің, соның ішінде еңбек сіңіргені үшін зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнетақы мөлшері алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінен 9 пайызға өсті.

     Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2016 жылғы 1 қаңтардан 2015 жылы алынған төлемдерден 7%-ға өсті және 11965 теңгені құрады.  

     2016 жылғы 1 қаңтардан мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайызға өсуіне және ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы өзгеруіне байланысты мүгедектігі, асыраушысынан айырылу және жасының жетуіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерлері өзгерді.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар:

 

Жалпы аурудан мүгедектер және бала кезінен бастап мүгедектер

 

Мүгедектік тобы

Ең төменгі күнкөріс мөлшерінің еселілігі

(22 859 теңге)

Жәрдемақы мөлшері

1-топ

1,78

40 690 теңге

2-топ

1,39

31 775 теңге

3-топ

0,98

22 402 теңге

1-топ БМ

1,78

40 690 теңге

2-топ БМ

1,45

33 146 теңге

3-топ БМ

1,14

26 060 теңге

16 жасқа дейін БМ

1,31

29 946 теңге

 

КӘМ (мерзімді қызмет), радиация әсері салдарынан мүгедектер

Мүгедектік тобы

Ең төменгі күнкөріс мөлшерінің еселілігі

(22 859 теңге)

Жәрдемақы мөлшері

1-топ

2,11

48 233 теңге

2-топ

1,7

38 861 теңге

3-топ

1,31

29 946 теңге

 

 

КӘМ (шұғыл қызметтен басқа), сондай-ақ Чернобыльдіктер (әскери қызмет өтеу кезеңіндегі)

 

Мүгедектік тобы

Ең төменгі күнкөріс мөлшерінің еселілігі

(22 859 теңге)

Жәрдемақы мөлшері

1-топ

2,74

62 634  теңге

2-топ

1,95

44 576  теңге

3-топ

1,31

29 946  теңге

 

Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақы

 

Асыраушылар саны

Ең төменгі күнкөріс мөлшерінің еселігі (22 859 теңге)

Жәрдемақы мөлшері

1-асырауындағыға

0,86

19 659 теңге

2-асырауындағыға

1,49

34 060 теңге

3-асырауындағыға

1,85

42 290 теңге

4-асырауындағыға

1,96

44 804 теңге

5-асырауындағыға

2,03

46 404 теңге

6 және одан да көп

асырауындағыға

2,11

48 233 теңге

Тұл жетім

1,18

26 974 теңге

 

Жасына байланысты жәрдемақы

 

МӘЖ

Ең төменгі күнкөріс мөлшерінің еселігі (22 859 теңге)

Жәрдемақы мөлшері

Жасына байланысты жәрдемақы – зейнетақы жасына жеткен, бірақ еңбек өтілі жоқ тұлғалар

 

0,52

 

11 887 теңге

 

Айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақы (жеңілдіктің орнына тағайындалатын), сондай-ақ, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша және бала тууына байланысты біржолғы төлем сияқты әлеуметтік төлем түрлерінің өзгеруіне әкелді.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақы

 (№1 тізім, №2 тізім)

 

 

МАЖ

Айлық есептік көрсеткіш еселілігі  (2 121 теңге)

Жәрдемақы мөлшері

№ 1 тізім бойынша

9,42

19 980 теңге

№ 2 тізім бойынша

8,38

17 774 теңге

 

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы

 

 

АМЖ

Айлық есептік көрсеткіш еселілігі  (2 121  теңге)

Жәрдемақы мөлшері

ҰОС қатысушылары және ҰОС мүгедектері

16,0

33 936 теңге

ҰОС қатысушыларына теңгерілгендер

6,19

13 129 теңге

ҰОС мүгедектеріне теңгерілгендер

7,55

16 014 теңге

ҰОС кезінде қаза тапқан жауынгерлердің екінші некеге тұрмаған жесірлері

4,48

9 503 теңге

Қаза тапқан, соның ішінде ЧАЭС жою кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасылары

4,59

9 736 теңге

Қайтыс болған ҰОСМ және ҰОСҚ мүгедектік топтарымен әйелдері

 

2,56

5 430 теңге

Тыл еңбеккерлері

2,13

4 518 теңге

1, 2-топ мүгедектері

1,49

3 161 теңге

3-топ мүгедектері

0,64

1 358 теңге

16 жасқа дейінгі БМ балалар

0,96

2 037 теңге

Төрт және одан да көп баласы бар және бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналар

 

4,16

 

8 824 теңге

 «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар

 

6,4

 

13 575 теңге

Саяси репрессия құрбандары, саяси репрессиядан зиян шеккен тұлғалар

 

1,07

 

2 270 теңге

ҚР алдындағы ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар

 

1,07

 

2 270 теңге

1988-1989 ж.ж. ЧАЭС-дағы апаттарды жоюға қатысқан тұлғалар

 

2,13

 

4 518 теңге

Социалистік Еңбек ерлері

9,6

20 362 теңге

ҰОСҚ болып табылатын КО батырлары, Даңқ орденінің 3-ші дәрежелі каварлерлері

 

138,63

 

294 035 теңге

«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған тұлғалар

 

138,63

 

294 035 теңге

 

Бала тууына байланысты жәрдемақы

 

Біржолғы жәрдемақы

Айлық есептік көрсеткіш еселілігі (2 121  теңге)

Жәрдемақы мөлшері

1-ші, 2-ші, 3-ші бала туғанда

31,41

66 621 теңге

4-ші және одан да көп бала туғанда

52,35

111 035 теңге

Екі не одан да көп бала дүниеге келгенде тууға байланысты жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленеді.

 

Бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы

 

 

Жәрдемақы

Айлық есептік көрсеткіш еселілігі (2 121  теңге)

Жәрдемақы мөлшері

Бірінші бала күтіміне

5,76

12 217 теңге

Екінші бала күтіміне

6,81

14 445 теңге

Үшінші бала күтіміне

7,85

16 650 теңге

Төртінші және одан да көп бала күтіміне

8,9

18 877 теңге

 

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі еңбекақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандарға жәрдемақы мөлшері өзгерді.

 

Жәрдемақы

Ең төменгі еңбекақы мөлшері еселілігі

(22 859 теңге)

Жәрдемақы мөлшері

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандарға жәрдемақы

 

1,05 ЕТЖ

 

24 002 теңге

 

Жоғарыда көрсетілген өзгертулерге сәйкес Екібастұз қаласы бойынша зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерінің көтерілуі 51092 төлемді қамтыды, атап айтқанда, жасына байланысты зейнетақы – 17 843; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы  алушылар (мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты) – 5 345; базалық төлем алушылар – 17945; арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (жеңілдіктердің орнына) – 8 446; мемлекеттік арнайы жәрдемақы (№1, 2 тізім) – 342; мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандарға жәрдемақы  – 542; балаларға жәрдемақы – 629 төлем.

Сондай-ақ, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке жарамдылығын жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер 7%-ға өседі.

 

 

 

«Зейнетақы төлеу жөніндегі

мемлекеттік орталығы»

Павлодар облыстық филиалы