kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Ізбасар Сәрсенбаев «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды

Ізбасар Сәрсенбаев Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы өкімімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

1957 жылғы 12 қыркүйекте туған. Білімі – жоғары. 1981 жылы халық  шаруашылығы  институтын  бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша бітірген.

Ізбасар Сәрсенбаев еңбек жолын 1974 жылы Канимех ауданының «Ксельхозтехника» өндірістік бөлімі бухгалтерінің көмекшісінен бастаған.

Тельман атындағы кеңшар бас бухгалтерінің орынбасары, бас экономист болып жұмыс істеді. Аудандық партияның ұйымдастыру  бөлімінің нұсқаушысы. Өзбекстан Республикасы Науаи облысы Канимех ауданы инспекциясында мемлекеттік инспектор болып қызмет етті.1993 жылы Науаи облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.1994 жылы  Канимех ауданы  әкімінің орынбасары- мемлекеттік бақылау жөніндегі инспекция басшысының лауазымын атқарды.1996 жылы Канимех ауданы мемлекеттік салық инспекциясының басшысы болып тағайындалды.1999 жылы Канимех ауданы «Шуркуль» ұжымдық шаруашылығы басқармасының төрағасы болып сайланды. 2004 жылы Канимех ауданы  әкімінің әлеуметтік –экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2009 жылы Канимех ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің меңгерушісі болып істеді.

Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалғанға дейін жеке кәсіпкер «Сарсенбаев И» ретінде тіркелген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі  - 8 жыл.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза