Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Екібастұз қаласының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын 2015 жылдың 11 ай ішінде іске

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Екібастұз қаласының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын 2015 жылдың 11 ай ішінде іске асыру туралы ақпарат

 

Павлодар облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 103/4 қаулысымен  бекітілген Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың бір бағыты болып табылады.

Ағымдағы жылдың  сәуір айынан  бастап аталған қаулының күші жойылды деп танылды және 2015 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Павлодар облысының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша облыстық Жоспарды  орындау мақсатында Екібастұз қаласының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл жоспар 32 іс-шарадан тұрады.

Есептік кезеңде бұл бағытта мынадай іс-шаралар өткізілді:

«Нұр Отан» партиясы филиалының партиялық бақылау комиссиясының және қоғамдық кеңесінің қаланың құқық қорғау органдарымен және үкіметтік емес ұйымдарымен  бірлескен, соның ішінде әлеуметтік сала қызметкерлерінің қатысуымен 4 отырыс, Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымымен «дөңгелек үстел», «Өрт сөндіру қызметі және АҚЖ» № 4 ММФ  МӨБ ұжымымен кездесу.

Жастар бастамасын дамыту орталығы Екібастұз өңірі бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы   іс-қимыл жөніндегі ауданаралық басқармасының, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қатысуымен тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта әр түрлі  іс-шаралар өткізеді.

Қала әкімдігінің және құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның отырыстарында 8 мемлекеттік орган басшысының  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мақсатында Павлодар мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта оқытулар, семинар-кеңестер өткізілді, оған 4 маман қатысты.

Қабылданған актілердің  жемқорлық тудырушылығын жою мақсатында әкімдік бөлімдерінің және қаланың ауылдық округтері, кенттері мен ауылдары әкімдері аппараттарының  қызметкерлері үшін  қала әкімі аппаратының мемлекеттік–құқық бөлімінде оқыту тағылымдамалары өткізіледі.

Есептік кезеңде тағылымдамадан  3 маман өтті.

          Аппарат мамандарының Павлодар облысы әділет департаментінде тағылымдамадан өтуі тәжірибеге енгізілді (ағымдағы жылдың қараша айында қала әкімі аппараты мемлекеттік –құқық бөлімінің басшысы тағылымдамадан өтті).

         Жоспардың бір бағыты сыбайлас жемқорлық профилактикасы бойынша түсіндіру жұмыстары болып табылады.

         Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілер мен  мемлекеттік орган қызметкерлері үшін құқықтық жаппай оқытулар өткізіледі.

         Есептік кезеңде құқықтық жаппай оқытулар бойынша 60-тан аса семинар, дәрістер өткізілді.

         Мемлекеттік сатып алулар туралы, мемлекеттік қызмет көрсетулер, жер және тұрғын үй саласындағы заңнамаларды түсіндіруге айрықша көңіл бөлінеді.

         Қоғамда жемқорлық мінез –құлыққа  төзбеушілікті қалыптастыру мақсатындағы үгіт-насихат бағытындағы іс-шаралар сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізіледі.

         Есептік кезеңде жоғарыда аталған тақырыпта 55 ақпараттық материал жарияланды («Отарқа», «Голос Экибастуза», «Вести Экибастуза», «Семерка» газеттерінде).

         Қалалық LED-мониторда  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ».

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  тақырыпта 4 билборд орналастырылды.

         Екібастұз қаласының ресми сайтында және қаланың жергілікті атқарушы органдарында виртуалды қабылдау және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер» бөлімі жұмыс істейді.

         Жер қатынастары және тұрғын үйді бөлу саласында ішкі аудит өткізуді қамтамасыз ету, жер мен тұрғын үй заңнамасындағы бұзушылықтарды уақытында анықтау және жою жұмыстары жалғасуда.

         Жер берудің айқындығы мен ашықтығы мақсатында ағымдағы жылдың басынан ауылшаруашылық мақсатындағы  жерлерге құқық беру бойынша 2 конкурс өткізілді.

         Ағымдағы жылдың 7 және 14 желтоқсанына ауылшаруашылық мақсатындағы  жерлерге құқық беру бойынша тағы да екі конкурс белгіленді.

         Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша жер телімдерін алу үшін арнайы есепте 5 249 азамат тұр.

         «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлім» ММ-мен жер телімдерін түгендеу жүргізіледі.

         Жалдау шарттарын бұзу арқылы жалпы алаңы 18 мың га. аса ауылшаруашылық мақсатындағы 16 жер телімдері мемлекеттік меншікке қайтарылды.

         Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға пәтерлер бөлуге қатысты.

         Жыл сайын «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»                 ММ-мен Екібастұз қаласының коммуналдық қорындағы мемлекеттік тұрғын үйді түгендеу жүргізіледі.

         Жалдау төлемін уақытылы жүргізу, тұрудың заңдылық фактілері бойынша пәтерлерді түгендеу мен оларды жекешелендіру мәселелері  бақылауда.

         Қоғамдық бақылау институтын енгізу мақсатында жер телімін және тұрғын үй бөлуге мұқтаж, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың  тізімдері тиісті мемлекеттік органдардың сайттарында, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және танысу үшін мекемелерге орналастырылады.

         Сапалы мемлекеттік қызмет көрсетумен қамтамасыз ету аясында келесі жұмыстар жүргізілуде.

           Екібастұз қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтердің 70 түрі ұсынылады, оның ішінде  Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ( бұдан әрі - ХҚКО) - 66, соның ішінде 11 электронды және 12  «пилоттық режимдегі» мемлекеттік қызмет көрсетулер.

  2014 жылмен салыстырғанда ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтер тізбесі  кеңейді ( 39-дан  66-ға дейін).

           Тек 2015 жылдың 11 айы ішінде Екібастұз қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдарымен 72710 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

           ХҚКО арқылы-41586 қызмет,

           электрондық форматта «электрондық Үкімет» порталы арқылы- 3508 қызмет.

           Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп тоқсан сайын Павлодар облысының әкімдігіне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің департаментіне ұсынылады.

           Мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында,жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және үй-жайларындағы ақпараттық стендтеріне орналастырылады.

           Тұрғындарды электрондық форматта және ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетулерді алуға мүмкіндіктері бар екендігі жөнінде ақпараттандыру жұмыстары ұдайы бақылауда.

2015 жылдың есептік кезеңінде қала әкімдігінің лауазымды тұлғаларымен  мемлекеттік қызмет көрсетулердің  стандарттары мен регламенттерін бұзу 7 фактісі  анықталды.

Барлық жағдайлар бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы Жоспарды орындауда «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен және оқушылармен жұмыс үшін білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жоспар әзірледі және бекітті. Бұл жоспар 12 іс-шарадан тұрады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы сынып сағаттарын, флеш-моб, ата-аналар конференцияларын, оқушылар арасында конкурстар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

           Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бағыты бойынша Жоспарға сәйкес   мынадай жұмыстар өткізіледі.

           Екібастұз қаласында  8 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4-еуі азық-түліктік емес және 4-еуі әмбебап.

           Сауда базарларын заманауи форматқа көшіру бойынша «Екібастұз қаласының муниципалды базары» ЖШС –ның 49% мемлекеттік үлесін жеке меншікке сату рәсімдері жүргізілуде.

           «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының екінші бағыты екінші деңгейлі банктердің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау саласы  шеңберінде 2014 жылы «Болашақ +»сауда ойын-сауық орталығының құрылысы жалпы алаңы 19 607, 4 м 2» жобасы мақұлданды. Сауда орталығының  ашылуы 2015 жылдың 1 желтоқсанында өтті.

           Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі Екібастұз қаласының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша  жұмыстар жалғасуда.