Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



"KAZ Minerals Bozshakol" ЖШС-ның (КАЗ Минералз Бозшакөл) "2016 жылға арналған табиғат қорғау шараларының жоспары" қоғамдық тыңдалымдар хаттамасы

Өткізу күні: 15.12.2015 ж., уақыты 14:45.

Өткізуорны: Павлодар облысы, Екібастұз қаласының ауылдық аймағы, Төртқұдық ауылы, КМҚК "Атамұра" мәдениет орталығы, Төрт-Құдық ауылдық клубы.

Қоғамдық тыңдалымдар ұйымдастырылды:

Қоғамдық тыңдалымдарды өткізу туралы ақпарат жұртшылыққа келесі құралдар арқылы жеткізілді:

http://ekibastuz.gov.kz/index.php?id=1826

Қатысқандар:

Төрткұдық ауылының әкімі: Тасимов Базылбек Жамсапулы;

ТҚҚ ЭБ  бөлімінің басшысы  – Иментаев Кайдар Койшиулы;

КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС өкілдері:

«KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС (КАЗ Минералз Бозшакөл) Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы–Уразалимов Данияр Мухамеджанулы;

«KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС (КАЗ Минералз Бозшакөл) қоршаған ортаны қорғау инженері - Бельгибеков Ербұлан Төлегенулы

«KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС (КАЗ Минералз Бозшакөл) қоршаған ортаны қорғау инженері – Абдулаев Азамат Алмасулы (баяндамашы)

(негізгі қатысушылар санаты немесе хаттамаға қосымша ретінде барлық қатысушылардың толық тізбесін ұсыну)

Сөз сөйлеушілер:

15.12.2015 ж. сағат 14.45 де КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС-нің 2016 жылға арналған табиғатты қорғау шараларының жоспарын талқылау бойынша қоғамдық - Тасимов Базылбек Жамсапович, Төртқұдық ауылының әкімі.

Өз сәлемдейтін сөзінде ол барлық қатысушыларды келе жатқан мейрамымен – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сондай-ақ, Тасимов Б.Ж. қоғамдық тыңдалымдар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында сәйкес және жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісіліп, қоғамдық тыңдалымдарды өткізудің орны және уақыты  алдын ала бұқаралы ақпарат құралдарында жарияланғанын. сонымен қатар, Төрт-Құдық ауылдық әкімшілігінде хабарландыруды іліп қойғанын айтып өтті.

2015 ж. желтоқсанның 2-сінде осы тақырыбына арналған («KAZ Minerals Bozshakol»КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС-нің 2016 жылға арналған табиғатты қорғау шараларының жоспары, одан әрі – «Жоспар») қоғамдық тындауларының өткізілгенін, және қазіргі қоғамдық тыңдалымдарының қайталанған болғанын ескертіп айтылды.  Алдағы өткен қоғамдық тыңдалымдардағы жұртшылықтың ескертулерге сәйкес Жоспарының дәлсіздіктер жойылып және жөнделіп алды.

Төрткұдық ауылының әкімі Тасимов Б.Ж. ауылда Бозшакөл кенінің игеру жұмыстарына байланысты әртүрлі экологиялық тақырыптарына арналған қоғамдық тыңдалымдар үнемі өткізілетінін, және қазіргі қоғамдық тыңдалымдар 20-шы болып жатқанын айттып өтті.

Қоғамдық  тыңдалымдардың күн тәртібі:

  1. Қоғамдық  тыңдалымдар хатшысын таңдау – 1 мин.
  2. 2016 жылға арналған табиғатты қорғау шаралары жоспарының презентациясы, материалдармен танысу – 10 мин.
  3. Талқылау және презентация бойынша сұрақтар – уақыты реттелмеген.

(күн тәртібіндегі негізгі тармақтар және оларға қарастырылған уақыт шеңберлері)

 

Бірінші сұрақ бойынша келесі кандидатуралар ұсынылды:

- қоғамдық тыңдалымдардың төрағасы қызметіне – Тасимов Базылбек Жамсапулы.

Ашық дауыс беру нәтижелері – бірауыздан "келісемін".

- қоғамдық тыңдалымдардың хатшысы қызметіне – Бельгибеков Ербұлан Төлегенулы.

Ашық дауыс беру нәтижелері – бірауыздан "келісемін".

2016 жылдағы Қоршаған ортаны қорғау бойынша презентациясымен сөз сөйледі:

Абдулаев Азамат Алмасулы«KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС (КАЗ Минералз Бозшакөл) қоршаған ортаны қорғау инженері.

Баяндаманың басында Жоспар 2015 жылдың 20 ақпанындағы№115 Қазақстан Республикасын Энергетика министрінің Бұйрығына сәйкес құрастырылғаны айтып өтілді. Ал Жоспардың нысаны 2013 жылғы 12 маусымдағы №162-п «Қоршаған ортаны қорғау бойынша үлгілік шаралар тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығына сәйкес құрастылырған. Кіріспеден кейін аудиторияға Бозшакөл жобасы жөнінде, жобаны іске асыру барысы жөнінде жалпы ақпарат ұсынылды

2016 жылға жоспарланған табиғатты қорғау шаралары туралы ақпарат келесі ретте берілді:

 

«КАЗ Минералз Бозшакөл» ЖШС қоршаған ортаны қорғау және тау-кен өнеркәсібінде алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелер мен технологиялырды қолданатыны айтып өтілді. Мысалы,атмосфералық ауаға кірлететін заттаррдың шығарылуын азайту мақсатында барлық ленталық конвейерлерде және қоректендірушілерде арнайы орама құрылғылар – қаптамадар орнатылған; су қорларын тиімді пайдалану мақсатында кәсіпорында су технологиялық процессте қайта қолданылады.

Компанияның флора мен фаунаны қорғау қызметі бойынша мысал ретінде «КАЗ Минералз Бозшакөл» ЖШС-ның территориясында Қызыл кітапқа енген өте сирек кездесетін құс түрі – пеликанды қорғау жағдайы көрсетілді.

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын айта отырып, баяндамашы натурлық өлшеу жүргізілетінін айтты. Бірақ фондық көрсеткіштерге байланысты өлшеулер торы өзгеруі мүмкін.

Баяндаманың соңында 2016 жылы табиғатты қорғау шараларына жұмсалатын қаржы көлемі 38 888 миллион теңгені құрайтыны айтылды.

 

Қоғамдық өкілдерінің ұсыныстары мен ескерту мәселелері:

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының әкімі – Тасимов Б.Ж.)

Көп ауылдастарды мазаландыратын сұрақ – қазір радиациялық өлшемдер жүргізіле ме?

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Ия, өлшемдер мониторинг бағдарламасының аясында жүргезеледі және қорытындылар мөлшерден асу жоқ екенін көрсетеді. Радиациялық фон бойынша өлшемдер жүргізуге арналған Жоспарда көрсетілген қаржы көлемі алдыңғы қоғамдық тыңдауларға дейін келісілген болатын. Сондай-ақ қазіргі уақытта радиациялық өлшемдер жүргізу және су мен топырақты талдау үшін Екібастұз қаласының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бөлімімен (бұрынғы Екібастуз қаласының Санитарлы-эпидемиологиялық қызметі) келесім-шарт жасалынуда.

Тақырыптан шегіне отырып айта кететіні Павлодар қаласындағы гранитоидтен жасалған ескерткіш немесе ғимараттың радиациалық сәулелену деңгейі Бозшакөл кен орнымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары – сағатына 14-18 микрорентген сағатына 11 микроретгенге қарсы.

Фабрикадағы құрылғыларды жаңарту жөнінде айтарым – біз әлі өндірісті іске қосқан жоқпыз, ал құрал-жабдықтың бәрі жап-жаңа. Жаңғырту уақыт өте қажет болады, ал әзірше қазіргі кезеңде нені жаңарту және жетілдіру керктігін анықтау үшін құралдардың қызметін мониторинг жасап отыру қажет.

Сондай-ақ жобалау барысында алдыңғы қатарлы құралдар қолданылды, бұл қолдану қорын үлкейтеді. Салыстыру үшін Жапония, Корея, Еуропа және Ресейде жасалынатын автомобильдерді мысалға алайық: жапндық автомобильдерге толық техникалық тексеріс өтуге дейін 500 мың километр жүру керек, еуропалық автомобильдер үшін – 1 миллион километр, ал ресейлік автомобильдер үшін – 100 мың. Бұл мысалды «КАЗ Минералз Бозшакөл» объектілеріне де қолдануға келеді, мұнда халықаралық алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтар қолданылған, сондықтан құралдарды жаңарту басқа кәсіпорындармен салыстырғанда ұзаққа дейін қажет болмауы мүмкін. Бірақ модернизациялаудан компания бас тартып отырған жоқ.

 

Әрі қарай мысалға алдыңғы қоғамдық тыңдауларда Екібастұз қаласының Қоршаған ортаны қорғау департаментінің өкілі ленталық конвейерлерден кен шаңы шығуы туралы сұрақ қойған болатын – Комнания барлық конвейерлерді шаң ұстайтын қаптамалармен жапты.

Жоспардың жалпы сомасы бойынша – қазір Компания несиеге жұмыс істейді, жеке өнімді шығармайды және сатпайды, ал Жоспар болашақтағы есені қайтару есебінен құрылған. Сондай-ақ Жоспардың бюджеті теңгеде есептелген, бірақ бұл сома толыққанды табиғатты қорғау шараларына арналған. Сондай-ақ жалпы бюджеттің сомасы тұраты болып табылады, яғни қоршаған ортаны қорғауға арналған қаржыны ұлғайтсақ, басқа бағыттардың бюджетін қысқарту қажет болады. Шығындарды қажет ететін басқа да бағыттар бар, мысалы жұмыскерлердің қауіпсіздігі, бұл жерде үнемдеуге болмайды. Сондай-ақ Компанияның 40 жылға арналған Республикалық бюджетке төлемдері бар.

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының әкімі – Тасимов Б.Ж.)

Жан-жақты түсіндірмеңізге үлкен рахмет. Экологияға қатысты емес –алдыңғы қоғамдық талдауларда Жезқазғандағы шахталар мен кен орындарын «Қазақмыс» компаниясы сататыны туралы ақпарат айтылды, мысалы Никольский шахтасы және басқалары. Ондаған мың жұмыс орны қысқатылатыны немесе «Қазақмыс» компаниясының ішінде басқа жұмысқа ауыстырлатыны жөнінде айтылуда. Сондықтан жергілікті тұрғындарға Бозшакөлге жұмысқа тұру өте қиын.

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

 

Жеке маған қысқартулар жөніндегі ақпарат белгісіз. Он мың – республикалық, үкіметтік деңгейдегі сандар. Біз, экологтар жұмысқа тұру сұрақтарымен айналыспаймыз, бірақ Қазақстанның азаматтары ретінде бұл туралы білуіміз керек еді.

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының әкімі – Тасимов Б.Ж.)

Сіздерге жұмысқа тұру өте қиын. Әрине біздің адамдар Екібастұз қаласындағы Маторосов к-сі 6 үйдегі кеңсе арқылы жұмысқа тұруға тырысады. Бірақ бұл өте қиын: тестілеу мен сұхбаттасуды өту керек.

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Өз жағымнан айтарым Екібастұз қаласымен байланыста болыңыз.

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының тұрғыны)

Мен тестілеуден баяғыда өтіп күтудемін.

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Тестілеуді қашан өттіңіз?

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының тұрғыны)

Шілденің 4-де тестілеуден өттім.

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Мысалы, мен бірінші қоңырау шалғаннан кейін 6 ай бойы күттім. Сондықтан, шыдамды болуға кеңес беремін.

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының әкімі – Тасимов Б.Ж.)

Мүмкін әкім ретінде Компанияның басшыларына түсінік беру мақсатында тікелей хат жазайын ба? Біздің көп тұрғындар жол құрылысында жұмыс атқарады, бірақ бұл бір-екі жылды бітеді, сосын олар кетеді. Сондықтан бізге алдын ала дайындалу керек.

 

 (Сұрақ / комментарий Төртқұдық ауылының тұрғыны)

Ия, сонымен қатар «КазМинералз» компаниясында барлық жерден келген адамдар жұмыс істейді. Мысалы мен ШҚО, Курчатовтан келген жұмыскерді кездестірдім. Ал біз көбіне алтында жұмыс істедік, мыста емес, мүмкін сол үшін бізге қиын шығар.

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Біздің бөліміміздің құзыретінде тек экология, бірақ біз жергілікті тұрғындарға көмектесуге тырысамыз. Мысалы, ағашпен. Сондай-ақ біз жергілікті тұрғындармен үнемі кездесулер ұйымдастырмақшымыз, қоғамдық тыңдаулар шеңберінде емес, жай ғана тұрғындармен кездесулер. Ақпараттың келіп түсуіне байланысты сіздерге мәлімет беріп, кері байланыс қабылдап, қажеттеріңізді біліп отырамыз.

 

(Сұрақ / комментарий Төртқұдық ауылының тұрғыны)

Комбинаттың құрылысы ұзаққа созылып кетті.

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Ия, бәріміз күтудеміз, барақ бұған объективті себептер бар. Объектінің құрылысы сапалы түрде жүргізілуінде мүдделіміз, себебі артынан қайта жасау, дұрыстап жасау болмас үшін. Сіз білетіндей бюджет тұрақты. Егер бір бағытта оны ұлғайтсақ, басқасында қысқарту керекпіз. Айта кетерлігі, оңай емес экономикалық жағдайға қарамастан, мыстың бағасы төмендесе де, біздің корпорация дамуға тырысуда.

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының тұрғыны)

Шыдамды болу керек.

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Ия, Президент айтқандай, бұл уақыттың өтіп кеткенін күте тұру керек.

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының әкімі – Тасимов Б.Ж.)

Міне бүгін мыс пен цинктің бағасы төмендеді.

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Жобаны тоқтата тұру көзделмейді.

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының тұрғыны)

Сіз қазір радиация жоқ дейсіз, бірақ сіз әлі іске қосылған жоқсыздар ғой. Іске қосылғанда не болмақ?

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Үздіксіз мониторинг болады. Залда Тұтынушылардың құқығын құрғау департаментінің өкілі отыр, менің сөздерімді растай алады.

 

Сұрақ / комментарий (ТҚҚ ЭБ бөлімнің басшысы – Иментаев К.)

Ия, мониторинг үздіксіз болады.

 

Сұрақ / комментарий (ТҚҚ ЭБ бөлімнің басшысы – Иментаев К.)

Қазір жер қойнауын қолданушыларға радиациялық қауіпсіздікті үздіксіз мониторинг жасауды міндеттейтін жаңа нормативтік құжат жасалынуда. Сондықтан, уайымдамаңыз.

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының әкімі – Тасимов Б.Ж.)

Тереңде радиация болатын шығар.

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Біздің радиация бойынша штаттық мамандар бүкіл кен орны бойынша үздіксіз мониторинг жасайтын болады. 

 

Сұрақ / комментарий (ТҚҚ ЭБ бөлімнің басшысы – Иментаев К.)

Кәсіпорын жаңа, сондай-ақ бұл кеңес заманы емес.

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының әкімі – Тасимов Б.Ж.)

Дағдарыс қаншаға созылатынын білмейсіз бе?

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Біз, экологтар ретінде бұл сұраққа жауап бере алмаймыз.

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының әкімі – Тасимов Б.Ж.)

Президент бір жыл шыдау керек деп айтты.

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының әкімі – Тасимов Б.Ж.)

Бұл құрылысқа әсер етеді ғой.

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Ия, әрине, әсер етеді.

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының тұрғыны)

Теледидардан сіздер іске қосылды деп көрсетті.

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Біз қосу-реттеу жұмыстары шеңберінде бірінші іске қосуды жүргіздік.

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының тұрғыны)

Мыс қайда жіберілетін болады? Қытайға?

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Мыс экспортқа шығарылады, сондай-ақ Қытайға.

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының әкімі – Тасимов Б.Ж.)

Мынандай сұрақ. Бізге 50 қарағай еккендеріңіз үшін рахмет. Енді жасылдандыру үшін 700 мың бөлмекшісіздер. Бұл аз емес пе? Бір ағаш отырғызу үшін 20 мың теңге қажет екенін білдім.

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Мәселе, біз аз ағаш отырғызбақшымыз, бірақ сондай-ақ ағаштардың ұласып өсуін қамтамасыз етеміз. Бұл шығындар тек көшеттерді ғана емес, сондай-ақ еге салып ұмытып кету болмайтындай өсімдіктердің өсуін қолдауға арналған оларды суару және күту жұмыстарынан құралады. Жасылдандуры өте шығынды шара. Мысалы, ленталық конвейерлердің шаңын азайту жұмыстары тек қаптаманың құнынан тұрмайды, сондай-ақ монтаж, материалдарды жеткізу, сақтау т.б. құралады.

Біз бұл қоғамдық тыңдауларды жайдан жай өткізбейміз, хаттама жергілікті атқарушы органның сайтында ашық орналасатын болады, барлық комментарийлер ескерілетін болады.

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының әкімі – Тасимов Б.Ж.)

Мен 50 қарағайды отырғызудың бағасын білдім – 1 миллион теңге тұрады. Сондай-ақ адамдарды әкелу керек, суға, жанармайға шығындарбар, қара топырақ, құмға шығындар. Біздің сізге бір өтінішіміз бар – проекторды бізге сыйлағыларыңыз келмей ме? Соңғы рет NFC қытайлық компаниясынан сұрап едік, ойланып көреміз деді де, жауап жоқ.

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Өкінішке орай ештеңе уәде ете алмаймыз.

 

Сұрақ / комментарий (Төртқұдық ауылының әкімі – Тасимов Б.Ж.)

Мен Джереми Алленге жаздым. Бізде Төртқұдықта, Бозшакөлде, станцияда 112ші -130 бала бар. Мен «Каз Минералз» компаниясынан Жаңа жылға сыйлықтар беруді сұрадым. Біздің сұранысымызға жауап болады деп ойлаймын.

Ал енді, сұрақтар мен ескертулер, комментарийлер бар ма? Жоқ болса, бәріне рахмет, қоғамдық тыңдалымдарды жабық деп жариялаймын.

 

Жауап (КАЗ Минералз Бозшакөл ЖШС Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы – Уразалимов Д.)

Бүгінгі қоғамдық тыңдалымдардың форматы сіздерге ұнады деп сенемін. Біз әрдайым жергілікті тұрғындармен бейресми кездесулер өткізіп тұруға тырысамыз.

 

Талқылау қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:

(есепті талап ететін ескертулер және ұсыныстардың (болуы (болмауы), болған жағдайда қалай есептелетіндігі, принциптік келіспеушіліктер болған жағдайда (болмауы) жұртшылықтың пікірі есебі бойынша болашақтағы жұмыстың калай ұйымдастырылатындағы).

Күн тәртібі қарастырылған, жиналу жабық есептелсін.

Жабу уақыты: 15:45.

 

Тыңдалым төрағасы Тасимов Базылбек Жамсапулы

_______________________________

(аты-жөні, қолы)

 

 

Тыңдалым хатшысы Бельгибеков Ербұлан Төлегенулы

  _____________________________________

(аты-жөні, қолы)