Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ХҚКО келу уақытын онлайн режімінде брондауға болады

ХҚКО уақытында келіп, тез арада қажетті мемлекеттік қызметті алу қандай ыңғайлы. Осындай мүмкіндік  электрондық үкімет порталын қолданушылардың  әр қайсында бар.  Осы үшін тек egov.kz, сайтына кіріп, оң жақтағы жоғары бұрышында орналасқан «ХҚКО кезекті брондау» бөлімін таңдап, 3 қарапайым іс-қимыл жасау керек:

1.Мемлекеттік қызметті алуға өзіңізге ыңғайлы жақын орналасқан ХҚКО  бөлімін таңдап, жеке ЖСН енгізу керек.

2. «Келуді жоспарлау» бөлшектен тізімдегі қажетті қызметті таңдап, келу күні мен уақытын көрсету керек.

3. Қорытынды кезең – бұл кезекті онлайн- брондаудың табысты өткені жөніндегі хабарлама алу. 

Осындай әрекеттерді жұмыста, сонымен қатар үйде отырып орындауға болатынын ескертеміз. Міндетті шарттар: Интернетке шығу және жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың болуы. Егер сізде онлайн-кезекті өз бетіңізше брондауға қиындық туып жатса, онда ХҚКО барлық бөлімдерінде орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету секторында тегін кеңес алуыңызға болады.

 ХҚКО келгеннен кейін кеңес беру кезінде жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсынып, бронь нөмірі бар талонды алсаңыз  жеткілікті.