Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Жас батыр» әскери-спорттық ойыны

2015 жылдың 7 желтоқсанында барлық мектептерде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Менің Қазақстаным» атты шағын жоба басталды. Қызықты іс-шаралардың көбі, осы күндері біздің №24 мектепте де жоспарланды. Мерекелік аптаның шымылдығын бірінші болып, «Айбын» әскери-потриоттық клубы ашты. Оның жетекшісі АӘД–ның ұйымдыстырушы-мұғалімі Қуаныш Шопшин 6-8 сыныптар арасында патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатында «Жас батыр» әскери-спорттық ойынын ұйымдастырды. Бұл ойынға №7 мектеп-гимназиясы, №13 және №24 орта мектептерінің тәрбиеленушілері қатысты. Ойын барысында залда бәсекелестік рухы орын алды. Нық қадаммен ту ұстаушылар тобы сап түзеп жүріп, ал басқа қатысушылар «Жас Жауынгер» эстафетасында бақтарын сынады. Ұлдармен бірге қыздар да кедергілер алабынан жылдам өтіп, турникке тартылып, пневматикалық винтовкадан №6 нысананы атты. Қатысушылар арасындағы тартыс нағыз әскердегі полигондағыдай мықты болды.

Ойын қорытындысында «Жас жауынгер» әскери-спорттық эстафетада №13 ЖББОМорта мектеп жеңімпаз атанса, №7 мектеп-гимназиясы екінші орынды иеленсе, ал № 24 мектепке үшінші орын бұйырды. Алайда, осы мектептің ту ұстаушылар тобы ең үздік деп танылды.