kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Әлеуметтік қызметкерлер отынға көмекті ХҚКО арқылы ала алады

Ауылдық мекендерде тұратын әлеуметтік қызметкерлер  енді  отынға көмекті жеңіл түрде алатын болады. «Отынды алу бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын әлеуметтік саладағы қызметкерлерге әлеуметтік көмек тағайындау» қызметін алу үшін олар тек қызмет беруші мен кенттің немесе ауылдық округтың  әкімдігіне ғана емес, сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінулеріне болады.

             Және де, ХҚКО арқылы қызметтерді көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні, ал ауылдық әкімдік арқылы оны тек 15 күннен кейін алуға болады. Бірақ құжаттарды ХҚКО тапсырған кезде қабылдау күні қызметтерді көрсету мерзіміне кірмейтінін есте сақтау керек.

             Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Өтінішті ресімдеу үшін өзіңізде келесі құжаттар болуы тиіс: жеке куәлік, жұмыс орнынан анықтама және  дербес шотыңыздың бар екендігі жөнінде банктен анықтама.

           Сөз ретінде, отынды алуға көмекті ресімдегісі келетін шалғай жатқан ауылдық округтардың тұрғындарына  ХҚКО аудандық бөліміне шығу міндетті емес. Әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша қызметті олар ауылдық мекенге Мобильді ХҚКО келген кезде алуларына болады және кестені ауылдық окургтың әкімдігінен немесе «ХҚКО» РМК ресми сайтынан білуге болады.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза