Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Зейнетақы жөніндегі төлеу мемлекеттік орталығының жаңа ақпараттық қызметтері

«ЗТМО» РМҚК 2015 жылғы 1 тамыздан бастап, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ЗТМО-ға зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін құжаттар тапсырған азаматтардың мобильді телефондарына аталған төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) жөнінде sms-хабарламалар жіберу арқылы ақпараттандыру көзделгенін хабарлайды.

2015 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алу үшін 259,9 мың азамат өтініш білдірген. Оның ішінде 249,3 азамат зейнетақы мен жәрдемақының тағайындалғаны жөнінде хабар алды, сонымен қатар, түрлі себептерге байланысты тағайындаудан бас тарту жөнінде 2,4 мың азаматқа sms-хабарлама жіберілді. Осыған орай, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін құжат тапсырған азаматтарға ЗТМО бөлімшелеріне қайта жүгіну қажеттілігі болмайды.

Жаңа ережелерге сәйкес, үш немесе одан да көп ай бойы банк шотында шығыс операцияларын жүргізбеген зейнетақы және жәрдемақы алушылар үшін (яғни, азаматтар шотқа аударылған зейнетақы мен жәрдемақыны алмайды) төлем тоқтатылады. Бұл жағдайда ЗТМО-ның аталмыш клиенттері зейнетақы (жәрдемақы) алмау себептерін анықтау үшін ЗТМО бөлімшесіне келу керектігі туралы да sms-хабарлама алады.

 

«ЗТМО» РМҚК баспасөз қызметі