kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Жас жоба жасаушылардың оң динамикасы

Ағымдағы жылы екібастұздық 37 оқушы республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық турында: физика, техника, математика, қолданбалы математика, тарих, құқық негіздері, өлкетану, әдебиет, этномәдени, тіл білімі, биология, химия, қоршаған ортаны қорғау секциялары жұмыстарына қатысты.

Конкурс 2015 жылдың 7 желтоқсанында Павлодар қаласының № 16 мектеп-лицейі базасында өтті. Барлығы 34 жоба қатысты. 2014-2015 оқу жылы 23 жоба ұсынылған болатын. Конкурс қорытындысы бойынша Екібастұз қаласының жүлде қоржынында  27 марапат болды.

1-орынға № 21 орта мектебінің оқушысы Хамитова Сымбат, № 6 мектеп-лицейінен Коновалова Елизавета, №22 мектеп-гимназиясынан Жаныбеков Темірлан және С.Торайғыров атындағы ПМУ -ға тегін оқу сертификатымен марапатталған № 23 орта мектебінің оқушысы Фалеев Марғұлан ие болды.

2-орынды 5 оқушы,  3-орынға 18 оқушы иеленді.

Былтырғы жылмен салыстырғанда жүлделі орындардың саны бойынша оң динамика байқалады.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза