Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫ

Павлодар облысы ІІД Екібастұз қаласының ІІБ қызметкерлерінің «Өзіңнен баста» акциясы.

Сиразидимов Дамир Шамилович - Екібастұз қаласының Ішкі істер басқармасының бастығы. Ішкі істер органында 1994 жылдан бастап қызмет етеді, еңбек өтілі - 19 жыл, лауазымдық жалақысы 252 000 теңгені құрайды. Жұбайы - Даминдарова Эльвира Сулейменовна. Жұбайының лауазымдық жалақысы 130 000 теңге, қазіргі уақытта жұбайы жұмыс істемейді, 2013 жылғы ақпаннан бастап 2015 жылғы 02 мамыр айына дейін жүктілік демалыста. Жеке меншік құқығында жылжымалы және жылжымайтын мүлік жоқ. 4 бала тәрбиелеуде. Екібастұз қаласында жалпы 52.7 шаршы метрді құрайтын 2-бөлмелі қызметтік пәтері бар. «Казкоммерцбанк» АҚ-нда 10 жылға ресімделген несиесін төлейді (өтеу мерзімі 2005 жылдан 2015 жылға дейін). 2011 жылы 1999 жылы шығарылған «Митсубиси-монтеро спорт» маркалі джип автокөлігін сатқан.

Екібастұз қаласы ІІБ бастығының бірінші орынбасары Абдрахманов Нурмаганбет Зейнуллинович. Лауазымдық жалақысы - 216 000 теңгені құрайды. Жұбайы - Абдрахманова Бахыт Саттаровна қазіргі уақытта жүктілік демалыста. Жұбайында Екібастұз қаласында жалпы 78 шаршы метрді құрайтын 3-бөлмелі қызметтік пәтері бар. 500 000 теңге соммасына «Халық банкіде» депозиті бар. Н.З.Абдрахмановтың жеке меншік құқығында жылжымалы және жылжымайтын мүлкі жоқ., «Цесна банкіде» несиесін төлейді, өтеу мерзімі 2013 жылғы желтоқсан айына дейін. Үш бала тәрбиелеуде. Ішкі істер органында 1991 жылдан бастап қызмет етеді.

Смагулов Азамат Мейрамович - Екібастұз қаласы ІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары. Лауазымдық жалақысы - 206 000 теңгені құрайды. Жұбайы - Ергалиева Алтын Советовна, лауазымдық жалақысы-50 000 теңгені құрайды. Екібастұз қаласында жалпы 78 шаршы метрді құрайтын жалпы 4-бөлмелі жекешелендірілген қызметтік пәтері бар. 3 бала тәрбиелеуде. 1994 жылы шығарылған «Мерседес-Бенц» маркалі автокөлігі бар. Ішкі істер органында еңбек өтілі - 25 жыл.

Жумабаев Бауржан Кажмуратович - Екібастұз қаласы ІІБ бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары. Ішкі істер органында 1994 жылдан бастап қызмет етеді, еңбек өтілі - 19 жыл. Жесір. 2 бала тәрбиелеуде. Лауазымдық жалақысы - 210 000 теңгені құрайды Жеке меншік құқығында жылжымайтын мүлік жоқ. 2006 жылы несиеге сатып алынған  1995 жылы шығарылған «Мерседес- Бенц 180» маркалы автокөлігі бар.