Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Облыстық семинар

4 желтоқсан күні  «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде «Бала тұлғасын қалыптастыруда қосымша білім беру мекемелері, мектеп, отбасы және қоғамның тәрбиелік күштерін біріктіру» тақырыбына Павлодар облысы қосымша білім беру мекемелері директорларының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарларына арналған облыстық семинар өткізілді.

Семинар екі бөлімнен құрылды. Бірінші бөлім немесе әдістемелік модулятор, екінші бөлімде  «Жобалық қызмет, мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыру құралы» флеш-моб көрсетілді. 

Семинар жұмысына Павлодар облысының  барлық өңірінен  30 адам қатысты.