Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ХҚКО клиенттері электрондық үкімет порталында баланың тууы мен оны күту бойынша жәрдемақыны ресімдей алады

Баланың туу мен оны күту бойынша жәрдемақыны ХҚКО бөлімдерінде, сонымен бірге  электрондық үкімет порталында ресімдеуге болады.

Оны қалай жасауға болады?

          Егер сіз жеке уақытыңызды үнемдегіңіз және үйден шықпай қызметті алғыңыз келсе, сіз электрондық үкімет порталында тіркеліп, қажетті құжаттарды, соның ішінде   «Баланың туу мен оны күту бойынша жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметін ресімдеуіңізге болады. Қызметті ресімдеу тек сіздің қолтаңба көшірмесі - ЭЦҚ болған жағдайда ғана мүмкін екендігін ескертеміз.

         Ең алдыңғы кезекте электрондық өтінішті толтырамыз, өз ЭЦҚ куәландырасыз, өтінішке электрондық үлгіде келесі құжаттар тізімін бекітеміз – бұл жеке куәлік, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазулардан көшірме үзінді (2007 жылғы 13 тамызға дейін туған жағдайда), некені қию (бұзу)  туралы куәлік (2007 жылғы 1 маусымға дейін неке қиған жағдайда), қорғаншылықты  (қамқоршылықты) анықтауды растайтын құжат, тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжат, банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Жәрдемақыны тағайындау туралы хабарламаны 7 жұмыс күні өткеннен кейін порталдағы жеке кабинетіңізде алуыңызға болады. Қызмет ақысыз негізде ресімделеді.