Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ХҚКО арқылы заңды тұлғаларды тіркеу

ХҚКО бөлімдерінде заңды тұлғаларды тіркеу бір ай ішінде өкілдіктерді және 10 жұмыс күні ішінде акционерлік қоғамдарды тіркеуді растайтын анықтамаларды ала алатын саяси партиялардан басқа  бір жұмыс күнінен кешіктірмей  жүргізіледі.

            «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызметін алу үшін ХҚКО келесі құжаттарды ұсыну қажет:        

  1. Клиенттің қолы қойылған өтініш   
  2. Заңды тұлғаның ережесі мен жарғысы 
  3. Құрылтай жиналысының хаттамасы 
  4. Төлемді растайтын түбіртек.
            Заңды тіркеу органдарының  түріне байланысты құжаттар тізімі өзгеруі мүмкін. Сонымен, мысалы, егер сіз қоғамдық немесе діни бірлестікті тіркегіңіз келсе, онда жоғары көрсетілген құжаттар тізіміне  қоғамдық бірлестіктің орналасқан орнын растайтын құжатты,  ТАӘ, ЖСН мен туған жылы, мекенжайлары және байланыс деректері көрсетілген бастамашы-азаматтардың тізімін бекітуіңіз қажет, ал егер бұл саяси партия болған жағдайда, онда стандартқа сәйкес сізден 2 данада партияның бағдарламасы,  Т.А.Ә., туған жылы, жеке куәлік құжатының  нөмірі мен ЖСН көрсетілген партия мүшелерінің тізімі талап етіледі.

            ХҚКО бармай заңды тұлғаны онлайн режімінде тіркеуге болатынын ескертеміз. Осы үшін клиент  электрондық үкімет порталында тіркеу  және  оның өтінішке қол қоятын ЭЦҚ болуы қажет. Бұл қызмет кіші және орта бизнес кәсіпкерлігін есепке алмағанда ақылы негізде  көрсетіледі.