Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ «Өзіңнен баста» акциясы

«Нұр Отан» ХДП ПОФ ұйымдастырылып отырған «Өзіңнен баста» акциясын өткізу аясында табысы мен мүлкі туралы мәліметті ашық жариялау жөніндегі жемқорлыққа қарсы іс-шараға қатысу мақсатында Екібастұз қаласының әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысы жариялау үшін табысы мен мүлкі туралы мәліметті ұсынып отыр.   

 

Екібастұз қаласының әкімі Александр Федорович Вербняк2012 жылғы табысы 4508935,53 теңгені құрады. Жеке меншігінде Павлодар қаласында жер үйі, жер телімі, гаражы және де  автомобиль тіркемесі бар.

 

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Айнагүл Амангелдіқызы Құрманова.  2012 жылғы табысы 2349531,11 теңгені құрады. Павлодар қаласында ипотекаға сатып алынған екі бөлмелі пәтері және 1 бөлмелі пәтері бар.

 

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Николай Васильевич Дычко. 2012 жылғы табысы 2103036,61 теңгені құрады. Екібастұз қаласында  Шахтерская көшесі 52 мекенжайында жер үйі бар. 

 

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Қамзақызы Марданова.  2012 жылғы табысы  2330787,03 теңгені құрады. Павлодар қаласында екі пәтері бар.

 

Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы Мәриям Дәулетбекқызы Адасбаева. 2012 жылғы табысы  1352838,32 теңгені құрады.

Жеке меншік құқығында жылжымалы және жылжымайтын мүлік жоқ.