Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мадина Азгаровна Ахметзянова Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Мадина Азгаровна Ахметзянова Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылғы 29 қазандағы өкімімен Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі  әкімінің міндетін атқарушы  болып тағайындалды.

Мадина Азгаровна Ахметзянова 1962 жылы туған, білімі жоғары, Павлодар  педагогикалық институтын математика және  физика мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы Қарасу орта  мектебінің физика мұғалімі ретінде бастаған. Екібастұз қаласының № 14 орта мектебінде математика мұғалімі,  Горняк кеңшарында «Экибастузуголь» өндірістік бірлестігінің еңбек және жалақы бойынша маманы, Екібастұз қаласының № 14 орта мектебінің  директоры, «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аумақтық дамыту бөлімінің бас маманы-Горняк кентіндегі әкімнің өкілі, «Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2015 жылдың қазан айынан бастап Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының лауазымында.