Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы богатырлықтарды көмірдің 1,5 миллиардыншы тоннасымен құттықтады

Екібастұз үлкен ынтамен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін  мерекелеуге дайындалуда.  Мейрам қарсаңында түрлі шаралар жоспарланды.

2015 жылдың 27 қарашасында қала әкімі Александр Вербняк

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 1,5 миллиард тонна богатырь көмірін өндіріп, тиеудегі еңбек межесіне және «Богатырь» кенішінің іске қосылғанына 45 жыл толу мерейтойына арналған салтанатты митингке қатысты.

- Бүгінгі таңда еліміздегі көмір индустриясының алыбы - әлеуметтік бағыттағы кәсіпорындардың беделіне иеленген «Богатырь» кеніші Қазақстан көмір өнеркәсібінің маңызды нысандарының бірі болып отыр. Көмір саласының дамуына қосқан сүбелі үлестеріңіз, жауапты еңбектеріңіз үшін ерекше алғысымды білдіремін, - деді қала басшысы.

 Көмірдің 1,5 миллиардыншы тоннасын тиеу құрметті құқығы озық бригада - SRs(K)-2000M маркалы №1146  роторлы экскаваторының машинистері Анатолий Подзюбан мен Қызыр Тұрлыбаевқа берілді.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 10 айында «Богатырь Көмір» ЖШС-ының кеншілері 27 млн тоннадан аса көмір өндірді. Жылдың соңына дейін жалпы көмір өндіру көлемі 34 млн. тоннаны құрайды деп күтілуде.