Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Завод строительных материалов» ЖШС – нің 2016-2025 жылдары қоршаған ортаны қорғау шаралары жобасының жоспары бойынша қоғамдық тыңдауының хаттамасы

Өткізілген мерзімі: 2015 жылғы 25 қараша, сағат 10.00.

Өткен жері: Екібастұз қаласы, Д.А. Қонаев көшесі, 201, конференц-залы.

 

Қоғамдық тыңдау «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұйымдастырылды.

 

Қоғамдық тыңдаудың өткізілуі туралы ақпарат (тақырыбының, байланыс телефондары мен қоғамдық тыңдаудың өткізілген орнының көрсетілуімен, 2015 жылғы 05 қарашадағы №44 «Голос Экибастуза» газеті) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану арқылы жұртшылыққа жеткізілді.

 

Қатысқандар:

Н.З. Конротбаев – «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

С.С. Сулейменов – «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

Е.М. Лекарев – «Завод строительных материалов» ЖШС-нің бас инженері.

В.И. Белова - «Завод строительных материалов» ЖШС-нің маманы.

С.С. Дюсембинова - «Завод строительных материалов» ЖШС-нің маманы.

Т.З. Бейсембаев.

А.А. Жаудин.

А.В. Богаченко.

 

Қоғамдық тыңдауды «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы - Н.З. Конротбаев ашты.

 

«Завод строительных материалов» ЖШС-нің бас инженері – Е.М. Лекарев қоғамдық тыңдаудың төрағасы болып сайланды.

В.И. Белова қоғамдық тыңдаудың хатшысы болып сайланды.

 

Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі:

  1. Қоғамдық тыңдауға қатысушыларды тіркеу;

2.  «Завод строительных материалов» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау шаралары жоспары жобасы бойынша баяндама, қоршаған ортаны қорғау бойынша жауапты тұлға.

3.   Тыңдауға қатысушылардың сауалдары (талқылау).

  1. Баяндамашылардың қойылған сұрақтарға берген жауаптары.
  2. Қоғамдық тыңдауды қорытындылау (қаулы).

 

  1. Қоғамдық тыңдауды аяқтау.
  2. Қоғамдық тыңдаудың хаттамасына қол қою.

  

Регламент:

Баяндамашыларға сөз сөйлеуге 10 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

Жарыссөзге 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

  

Баяндамашының сөз сөйлеуі

Сөз кезегі «Жаудин А.А.» ЖҚ-нің жауапты тұлға Жаудин А.А. беріледі. Қатысқандарды қоршаған ортаны қорғау шаралары жоспарының мазмұнымен таныстырды. Ұсынылған жоспардың мазмұны кәсіпорындар қызметінің қоршаған ортаға тигізер әсерін төмендетуге бағытталған кешенді шараларды қамтыды, нақты айтқанда: өндіріс қалдықтарының жиналуы, сақталуы және жойылуы ережелерінің орындалуы, өндіріс қалдықтарын уақытша сақтау контейнерлерімен қамтамасыз ету, ағаш, бұталар, көшеттер отырғызып, жасыл желектерді күтіп баптау, кәсіпорын қызметкерлерінің экологиялық тәрбиелік деңгейінің арттырылуы. Осы жағдайда қарастырылатын табиғатты қорғау шараларының кешені, кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізер кері әсерін азайтуға септігін тигізеді.

  

Талқылау нәтижесі бойынша негізгі қорытынды:

Қоршаған ортаны қорғау шаралары жоспарының жобасын талқылау нәтижесінде 1 ұсыныс болды «автокөлік жолдарын және өнеркәсіптік алаңын суару шаралары көрсетілмеген».

Бұл ұсыныс қоршаған ортаны қорғау шаралары жоспарының жобасына қосылады.

  

Төраға:

«Завод строительных материалов» ЖШС-нің 2016-2025 жылдары қоршаған ортаны қорғау шаралары жоспарының жобасы тақырыбы бойынша ұсынылған баяндамасы назарға алынсын.  

Қоршаған ортаны қорғау шараларының жоспары орындалсын.

Іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша уақытылы есеп берілсін.  

Қоғамдық тыңдау жабық деп жарияланады.