Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Скринингті өткізуде қаржылық бұзушылық анықталды

Павлодар облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясы тарапынан Қазақстан Республикасында 2012-2016 жылдардағы онкологиялық көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруда тұрғындардың мақсатты тобы арасында скрингтік тексеру өткізуде бөлінген бюджеттік қаржыны мақсатты пайдалануға тексеру өткізілді. Өткізілген бақылау нәтижесі бойынша жалпы сомасы 120,0 млн.теңге қаржылық бұзушылық анықталды.

Заңнамаға сәйкес белгілі жастағы дені сау тұлғалардың профилактикалық медициналық қаралуы (скрининг) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізбесіне жатады. Ересек тұрғындар скринингтік қаралудан екі кезеңде өтеді.

Бірінші кезең сұрау, бойды өлшеу, дененің салмағы, дене салмағының индексі, қан қысымы, көзішілік қан қысымы, қандағы жалпы холестерин мен глюкозаны анықтау, ЭКГ, жатыр мойнағынан сүртінді алумен акушеркаға қаралу ( 30-дан 60 жас аралығындағы әйелдер үшін), маммография ( 50 жас және одан жасы үлкен әйелдер үшін), қандағы нәжісті тексеру( 50 жас және одан жасы үлкен ер адамдар мен әйелдер үшін) қуықасты безі спецификалы антигенді анықтау ( 50 жастан асқан ер адамдар үшін), ішперде қуысы органының ФГДС ( 50-60 жастағы ер адамдар мен әйелдер үшін).

Азаматтарға, бірінші кезеңдегі скрининг нәтижесі бойынша қосымша тексеру керек болса, екінші кезеңде өтеді. Оның мақсаты-қосымша тексеру және ауру диагнозын нақтылау. Көрсеткіші бойынша кардиологтың, офтальмологтың, эндокринологтың, хирургтың, гинекологтың, урологтың қаралуынан өтеді, колоноскопия, сүт безінің УДЗ, маммолог пен онкологтың кеңесін алады.

Алайда, облыстың емдеу ұйымдары тұрғындардың мақсатты тобына скрингтік тексеруді толық көлемде өткізбейді, нәтижесінде бөлінген бюджеттік қаржы тағайындау бойынша пайдаланылмайды.

Сонымен қатар вакцина алуға қажетті шығын бағасы көтеріледі.

Бақылау нәтижесі бойынша 1 лауазымды тұлғаға әкімшілік өндіріп алуға сомасы 138,7 мың теңге салынды, тәртіптік жауапкершілікке 30 лауазымды тұлға тартылды.

Анықталған бұзушылықтың жалпы сомасынан тиісті бюджетке қайтаруға 23,8 млн.теңге және қалпына келтіру есебіне 6,7 млн.теңге тиіс.

 

Павлодар облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясы