Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері

Екібастұз қаласы әкімі резиденциясының үлкен залында қала әкімінің орынбасары Ерлан Мырзабековтің төрағалық етуімен, бөлім басшыларының және мекемелер мен ұйымдардың мемлекеттік сатып алуын жүргізуге жауапты мамандардың қатысуымен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері жөніндегі семинар кеңес өткізілді.

Павлодар облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының №4 бақылау бөлімінің басшысы С.Е. Әубәкіров «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды.

Жұмыс барысында С.Е. Әубәкіров мемлекеттік сатып алудың негізгі кезеңдерін түсіндіріп, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтып берді және мемлекеттік сатып алуды жүргізу процесінде жиі жол берілетін қателерге (бұзушылықтарға) ерекше назар аударды. Одан басқа, мекемелер мен ұйымдардың мемлекеттік сатып алуын жүргізуге жауапты мамандардың бірнеше сұрақтарына жауап берді.