kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

2016 жылғы ҰБТ-ға сапалы дайындалу

«Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде  Екібастұз өңірінің білім беру қызметкерлерімен жиналыс өткізілді. Оған мектеп директорлары, олардың орынбасарлары, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауға жауапты тұлғалар, пән мұғалімдері және білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. 

Күн тәртібінде Екібастұз қаласының 2015 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысына талдау жасалды, қала түлектерінің 2016 жылғы ҰБТ-ға сапалы дайындалуын жақсарту бойынша шаралар қолдану туралы мәселе қаралды.

Жұмыс барысында Ақсу қаласы Үштерек орта мектебі түлектерінің тәжірибесі таратылды. Ол туралы мектеп директоры Ғалия Әмірханова баяндап берді. 

Сонымен қатар,Үштерек мектебінің математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері сөз сөйледі. Сондай-ақ мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жөнінде айтылды.

Павлодар қаласы  № 29 орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Елена Щипица өз тәжірибесімен бөлісті.

Облыс білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітова түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындауға ерекше назар аудару керектігін басып айтты. Жоғары оқу орындарымен, облыстың мектептерімен ынтымақтасу қажеттігіне көңіл аударылды.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза