Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тарихи портрет

2015 жылдың  20 қарашасында  Екібастұз  тарихи-өлкетану  музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына және ағартушы, этнограф, ориенталист, тарихшы, географ, фольклортанушы Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына орай  «Тарихи портрет» атты еске алу кеші өткізілді. Шараға №26 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары  қатысты.

Іс-шараның мақсаты - жас ұрпақтың бойында ұлттық рухани сезімін ояту және  қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі - Шоқан Уалихановпен  таныстыру. 

Еске алу кеші тұлғаның өміржолынан басталды. Сонымен қатар  №26 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары Диляра Сүлейменова және Аспандияр Айтмағанбетов ағартушы-ғалым  өмірінің кейбір кезеңдері жайлы мәнерлеп оқып берді.

Аталмыш еске алу кешінде Ш. Уәлихановтың еңбектері мен  тұлға жайлы әдебиеттерден құралған ашық кітаптар көрмесімен  орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №2 филиалының қызметкерлері А.Елубаева және А.Рүстембекова  таныстырды.

        Шара соңында Шоқан Уәлихановтың өмірі мен жасаған зерттеулері   жайында бейнефильм көрсетілді.