kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Баянауылға экскурсия ұйымдастырылды

Екібастұз тарихи-өлкетану музейі мен Екібастұз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жастар бастамасын дамыту орталығы қаланың колледж студенттері үшін Баянауылға  экскурсия ұйымдастырылды. 

Баянауылға барар жолда тыңдаушыларға Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев, оның өмірі мен қызметі, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстан және Екібастұз тарихы туралы баяндалды.

Студенттер Баянауылдың құрылу тарихымен, академиктерімен, ақын, жазушыларымен, Баянауыл ұлттық паркімен танысты. Еліміздің көрнекті тұлғаларына орнатылған Қ.И. Сәтбаев, С.М. Торайғыров, Ә.Х. Марғұлан, Ш.Айманов ескерткіштеріне, Қ.И. Сәтбаев атындағы мемориалды мұражайға, мұсылмандық мешітке, Сабындыкөл, Торайғыр көлдеріне барып, Павлодар облысының ең биік жері Ақбет тауды көріп, Әулиебұлақ бұлағында болып қайтты. 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза