Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Феризат Байсұлтанқызы Сапариева Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 335 өкімімен Феризат Байсұлтанқызы Сапариева Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

1969 жылғы  28 қаңтарда  Семей облысы Жаңасемей ауданы Жыланды ауылында туған.

3 жоғары білімі бар, 2005 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын заңтану мамандығы бойынша, 2007 жылы жоғарыда аталған институтты экономист мамандығы бойынша, 2012 жылы «Көкше» академиясын туризм мамандығы бойынша аяқтаған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 10 жыл.

Облыс әкімі аппаратының өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуникация мәселелерін үйлестіру жөніндегі бөлімінің жетекші маманы-көмекшісі болып, жетекші маман - облыс әкімі бірінші орынбасарының  көмекшісі, бас маманы, Павлодар облысы туризм, дене тәрбиесi және спорт басқармасының, Павлодар облысы туризм басқармасының туристік  қызметті дамыту бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Туристік сала комитеті хатшылығының 2-санаттағы сарапшысы, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы салалық бағдарламаларды талдау және мониторинг жүргізу бөлімінің 1-санаттағы сарапшысы болып жұмыс істеген.

Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалғанға дейін Павлодар ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономика секторының меңгерушісі лауазымын атқарған.