kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

18 қараша күні қала әкімі Александр Вербняк ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап

18 қараша күні қала әкімі Александр Вербняк ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, салтанатты марапаттау рәсімін өткізді. 

Екібастұз өңірі ауыл шаруашылығы саласының дамуына қосқан қомақты үлесі, көп жылғы адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін «Екібастұз қаласының алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісі ауылшаруашылық өндірісінің ардагері Зайыргелді Мейрамовқа табысталды.

Екібастұз қаласы әкімінің құрмет грамотасымен Ақкөл ауылдық округі «Табыс» шаруа қожалығының аға малшысы Қабдолла Әбдірахманов, Байет ауылдық округінің әкімі Докторхан Амантай, қалалық ветеринария станциясының директоры Әсет Әмірханов, ауылшаруашылық өндірісінің ардагері Сапарбек Байғошыров, академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл «Бухаев» шаруа қожалығының басшысы Ахмед Бухаев марапатталды.   

Сарықамыс ауылдық округі «Жалғыз терек» шаруа қожалығының басшысы Серік Мейрамғалиевке, Құдайкөл ауылдық округінің «Наскей» жеке кәсіпкері Хабай Наскейге, Бесқауға ауылы «Жанна» ФҚ басқарушысы Берік Омарбековке, Солнечный кенті «Жақсыберген» шаруа қожалығының басшысы Күлжаман Ташимоваға Екібастұз қаласы әкімінің алғыс хаты жіберілді.

Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері, Екібастұз қаласы ауылдық аумағының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту бағдарламасын орындағаны үшін 1-орын кубогы  және диплом  Бесқауға ауылына, 2-орын кубогы және диплом  Шиқылдақ ауылына, 3-орын кубогы және диплом   Ақкөл ауылдық округіне тапсырылды.

Бұл саланың ең үздіктері  медаль мен дипломдарды: «Үздік шаруа қожалығы» номинациясы - Әлкей Марғулан ауылы «Көктобе» шаруа қожалығының директоры Жанат Ибраев; «Өз кәсібінің үздігі»  - Әлкей Марғулан ауылы «Көктобе» шаруа қожалығының аға бақташысы Асқар Абилевке, «Үздік механизатор» - Бесқауға ауылы «Болат» шаруа қожалығының механизаторы Талғат Чебентаев,  «Үздік комбайншы» - Бесқауға ауылы «Тілек» шаруа қожалығының комбайыншысы Виталий Филинков, «Үздік жылқышы» -  Солнечный кеңті «Мади» шаруа қожалығының жылқышысы Талғат Қадыров, «Үздік шопан» - Қоянды ауылдық округі «Ер-Қайрат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шопаны Нұржан Нұрғалиев иеленді.

Салтанатты шара «Атамұра» мәдениет орталығында мерекелік түскі аспен тәмамдалды.    

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза