kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«R.W.S. Concrete» (Р.В.С. Конкрит) ЖШС – нің 2016-2019 жылдары қоршаған ортаны қорғау шаралары жобасының жоспары бойынша қоғамдық тыңдауының хаттамасы

Өткізілген мерзімі: 2015 жылғы 18 қараша, сағат 10.00.

Өткен жері: Екібастұз қаласы, Д.А. Қонаев көшесі, 93 «А».

 

Қоғамдық тыңдау «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұйымдастырылды.

 

Қоғамдық тыңдаудың өткізілуі туралы ақпарат (тақырыбының, байланыс телефондары мен қоғамдық тыңдаудың өткізілген орнының көрсетілуімен, 2015 жылғы 28 қазандағы №42 «Семерка» газеті) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану арқылы жұртшылыққа жеткізілді.

 

Қатысқандар:

Н.З. Конротбаев – «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

С.С. Сулейменов – «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

Е.В. Федоров – «R.W.S. Concrete» (Р.В.С. Конкрит) ЖШС-нің бас инженері.

В.В. Рудюк - «R.W.S. Concrete» (Р.В.С. Конкрит) ЖШС-нің маманы.

А. Ахметова - «R.W.S. Concrete» (Р.В.С. Конкрит) ЖШС-нің маманы.

Г. Ахметжанова - қала тұрғыны.

Р. Кужабаев - қала тұрғыны.

А. Осокина - қала тұрғыны.

Г. Шайбекова - қала тұрғыны.

А. Карпов - қала тұрғыны.

Д. Клетушкин - қала тұрғыны.

 

Қоғамдық тыңдауды «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы - Н.З. Конротбаев ашты.

 

«R.W.S. Concrete» (Р.В.С. Конкрит) ЖШС-нің бас инженері – Е.В. Федоров қоғамдық тыңдаудың төрағасы болып сайланды.

А. Ахметова қоғамдық тыңдаудың хатшысы болып сайланды.

 

Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі:

  1. Қоғамдық тыңдауға қатысушыларды тіркеу;

2.  «R.W.S. Concrete» (Р.В.С. Конкрит) ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау шаралары жоспары жобасы бойынша  баяндама, қоршаған ортаны қорғау бойынша жауапты тұлға.

3.   Тыңдауға қатысушылардың сауалдары (талқылау).

  1. Баяндамашылардың қойылған сұрақтарға берген жауаптары.
  2. Қоғамдық тыңдауды қорытындылау (қаулы).
  3. Қоғамдық тыңдауды аяқтау.
  4. Қоғамдық тыңдаудың хаттамасына қол қою.

 

Регламент:

Баяндамашыларға сөз сөйлеуге 10 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

Жарыссөзге 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

 

Баяндамашының сөз сөйлеуі

Сөз кезегі ЖШС-нің «R.W.S. Concrete» (Р.В.С. Конкрит) жауапты тұлға Рудюк Викторияға беріледі. Қатысқандарды қоршаған ортаны қорғау шаралары жоспарының мазмұнымен таныстырды. Ұсынылған жоспардың мазмұны кәсіпорындар қызметінің қоршаған ортаға тигізер әсерін төмендетуге бағытталған кешенді шараларды қамтыды, нақты айтқанда: шаң ұстағыш қондырғының жоспарлық-алдын алу жұмыстарының жүргізілуі, өндіріс қалдықтарының жиналуы, сақталуы және жойылуы ережелерінің орындалуы, өндіріс қалдықтарын уақытша сақтау контейнерлерімен қамтамасыз ету, ағаш, бұталар, көшеттер отырғызып, жасыл желектерді күтіп баптау, кәсіпорын қызметкерлерінің экологиялық тәрбиелік деңгейінің арттырылуы. Осы жағдайда қарастырылатын табиғатты қорғау шараларының кешені, кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізер кері әсерін азайтуға септігін тигізеді.

 

Талқылау нәтижесі бойынша негізгі қорытынды:

Талқылау нәтижесінде іс-шаралар жоспарына ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ.

 

Төраға:

«R.W.S. Concrete» (Р.В.С. Конкрит) ЖШС-нің 2016-2019 жылдары қоршаған ортаны қорғау шаралары жоспарының жобасы» тақырыбы бойынша ұсынылған баяндамасы назарға алынсын.  

Қоршаған ортаны қорғау шараларының жоспары орындалсын.

Іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша уақытылы есеп берілсін.  

Қоғамдық тыңдау жабық деп жарияланады.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза