Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Спайс» деген не?

Қазіргі заманның маңызды проблемаларының бірі есірткіге құмарлық болып табылады, оның ішінде халық арасында, балар мен жастар арасында «спайс» деген психобелсенді затты кеңнен тарату және қолдану.

Екібастұз қаласының әкімі А.Ф.Вербняктың тапсырмасы бойынша 2015 жылғы 12 қарашада «Қайнар» ББК-де денсаулық сақтау, білім бөлімі өкілдерінің (мектеп, колледж директорлары, тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлар, медициналық қызметкерлер) қатысуымен жұмыс кеңесі жүргізілді.

Екібастұз аймағындағы нашақорлық туралы ақпаратпен Тәуелді аурулардың алдын алу және емдеу бойынша Павлодар облыстық орталығының Екібастұз бөлімшесінің меңгерушісі Ж.Н.Бахтияров сөз сөйледі.

Психолог дәрігер Л.Л.Козаева «Спайсты» қолданудың зияны, белгілері және оның алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. 

Баяндамашылардың сөз сөйлегендері арасында слайд және бейнефильмдер көрсетілді.

«Спайс» деген не?

Спайс-бұл синтетикалық есірткі, химия, негізінен Қазақстанға Қытайдан жеткізіледі. «Өлімді» сатушылар оларды дәмдеуіші бар қоспа, «легалка» деп атайды. Бұл есірткінің қауіптілігі адам ағзасын тез бұзып, оған бейімделу туындайды.

«Спайс» деп аталатын темекі қоспасының құрамына бірнеше шөптер, оның ішінде психобелсенді әсер беретін шөптер енеді. Әсіресе, шалфей,көк лотос, гавайлық раушангүлі.

Кейіннен, зерттеулер жүргізгенде, ұнтақта қарасорада бар синтетикалық заттектер-каннабиоидтердің бірқатары табылды. Өндіруші шөп қоспасына дамыған елдердің көбінде тыйым салынған синтетикалық психобелсенді заттектерді қосқан.

Неге олар бұрын анықталмаған? Неге «спайс» деген есірткі «қауіпсіз кайф» түрінде еш кедергісіз сатылады?

Біріншіден, «спайстың» құрамына енген синтетикалық заттектердің жаңа химиялық формуласы бар. Олар туралы ешкім білмеген. Оларға тыйым салу үшін жаңа құжаттар жасап, тыйым салынған заттардың ресми тізімін жаңарту қажет болды.

Екіншіден, шөптердің қоспасындағы қауіпсіз психобелсенді заттар «жабынды» болып қызмет атқарды. «Спайстың» құрамында бірдеңе іздеу ешкімнің ойына кіріп шықпаған. Алайда қоспаның құрамындағы «қауіпсіз» өсімдіктер кейіннен қауіпті болып табылды.

Үшіншіден, қоспаның құрамында есірткіні анықтауды қиындататын балластты компоненттер бар. Мысалы, Е дәрумені осындай балласт болып қолданылған.

«Спайсты» қолдану белгілері анаша шегуге ұқсайды:

  1. Көру және есту галлюцинациялары туындайды. Көзін жұмған кезде адам әр түрлі бейнелер көреді, дыбыстар естиді.
  2. Есі мен ойы бұзылады. «Спайсты» қоспасының әсеріндегі адам толығымен нақты өмірмен байланысын жояды, өз денесінің бар-жоқтығын сезбейді. Жадынан мүлдем айрылуы да мүмкін.
  3. Еріксіз әрекеттер. Мысалы, адам айналып жүре бастайды, заттарға сүрінеді.
  4. Амнезия. «Оянғаннан» кейін адам не істегенін есіне түсіре алмайды, айналасында не болғанын да білмейді.
  5. Көзі қызару-«спайсты» қолданған адамның белгісі.
  6. Тәбеті ашылады, шөлдейді, тәттіге құмар болады.
  7. Аузы кебеді.
  8. Беті қызарады.
  9. Артериалды қан қысымы көтеріледі.

Спайс, қарасора сияқты, тез есірткіге құмартушылықты туындатады.

Алғашында психикалық бейімделу қалыптасады. «Спайсты» қолданған кезде адам эйфория сезімінде болады, көңіл-күйі көтеріліп, оның мүмкіндіктері шексіз болып көрінеді. Кейіннен есірткіні қолдану арасы ұзақ бола бастаса, депрессия, көңіл-күйінің төмендеуі байқалады.

«Спайстан» физикалық тәуелділік жағдайлары да мәлім, «ломка» болады, бірақ олар жиі кездеспейді, үлкен мөлшерде көп уақыт қолданса.

«Спайс» адамның барлық органдары мен жүйелеріне кері әсерін тигізеді.

Оны қолданудың ең маңызды салдары мыналар:

-жүрек-қан тамыр жүйесінің бұзылуына әкеп соғады, кейіннен жүрек қызметінің жетіспеушілігі дамуы мүмкін;

-бауыр қызметінің бұзылуы;

-бас миы клеткаларының бұзылуы: химиялық у капиллярдың тез арада тарылуына әкеп соғады, миға оттегі қалыпты жағдайда түспейді, нәтижесінде клеткалар өледі.

«Спайсты» қолдану салдары физикалық тәуелділік түрінде есірткі деп қарастыруға мүмкіндік береді. Мұндайға құмарлықтан құтылу ұзақ және қиын болуы мүмкін.

Ересектерге қарағанда, жасөспірімдер арасындағы тәуелділік жиі және тез қалыптасады.

Адамның «спайсты» қолданатынын қалай білуге болады?

Егер адам есірткіні сирек және кішкентай дозада қолданса, ол туралы білу қиынға соғады. Мұны қоспаны сол адамнан тапқаннан кейін, не болмаса арнайы анализдер тапсырғаннан кейін анықтауға болады. Сонымен қатар есірткіге мас болып отырған жағдайда ұстап алуға болады.

Адамның қандай сайттарға кіретінін бақылауға болады. «Спайстар» көбінесе интернет арқылы дәмдеуіш, тұз, ароматтандарылған қоспа және т.б. түрінде сатылады.

Алғашқы қауіпті белгі ретінде бұрын байқалмаған ашуланшақтық, жиі депрессияға ұшырауды алуға болады. Тәуелді адамды көзінің қызаруы білдіреді.

Физикалық тәуелділік кезінде ойы мен интеллектісі бұзылады. Қабылдау арасындағы ұзақ үзілістер «ломкаға» әкеп соғады: құсу, жүрегу айну, ұйқысыздық, тәбетінің жоқтығы және т.б. Спайсты қолданатын адам нақты өмірмен байланысын үзеді, ауырсынуды сезінбейді, өзін-өзі қорғау сезімі болмайды, паникалық үрей жағдайында болады, өз өзіне қол жұмсауға дейін барады. «Спайс» басқа есірткілерге ауысу жолындағы алғашқы баспалдақ болып табылады.