Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ҚР Бірінші Президенті күніне арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралар кешені

Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті күнін тойлау Екібастұз қаласында спорттық-бұқаралық іс-шаралар кешенімен басталды.

Сенбі күні №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында  қол күресі мен гір тасын көтеруден 5 салмақ дәрежесі бойынша жарыс өтті.

Қол күресінен ең жеңіл салмақ дәрежесінде бірінші орынды Ерлан Камиев, екінші орынды Досбек Равшанов, үшінші орынды Бейбіт Каримтаев алды. Сөзсіз күш пен денсаулық спорт түрлерінде маңызды. Қол күресі турниріне әр жастағы адам қатыса алады. Мысалы, спорт ардагері Тахир Ильясов 75 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Екінші орынды Нұрлан Умержанов, үшінші орынды Фариз Юсупов жеңіп алды. Владимир Скрипковский өз салмақ дәрежесінде қарсыластарын басып озды, екінші орын Ануар Мустафинге және үшінші орын Дмитрий Банбанға тиесілі болды. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сергей Похилько екінші орын алған Стас Сычевты және үшінші орын алған Тлек Тусуповты озып, жүлделі бірінші орынды иеленді. 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Денис Данилов жеңіске жетті, күміс медальді Алексей Сазонов, қола медальді Юрий Журавлев иеленді. Абсолютті чемпион Денис Данилов атанып, Екібастұз қаласы біріншілігінің кубогы  - 2015 марапатталды.

Гір тасын көтеруден А.Камаровқа,  М.Турехановқа,  А.Мальшубаевқа,  Д.Ермекке,   Ю.Журавлевқа  өз салмақ дәрежелерінде тең келетін ешкім болған жоқ.