Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Өз үйімізді өрттен қорғайық!

Ағымдағы жылдың 10 ай ішінде Екібастұз қаласының аумағындағы тұрғын үй секторында 69 өрт тіркелген, өрттің нәтижесінен қайтыс болдғандар жоқ, 4 адам жарақат алды.

Өрттің негізгі саны қаланың елді мекендерінде болады. Бұл пәтер мен тұрғын үйлер жанатын заттармен, синтетикалық бұйымдармен және түрлі тұрмыстық техникамен қамтылғанына байланысты болады, сондықтан тұрғын үйлерде өрттің туындауына әлеуетті мүмкіншілікті арттырады, сонымен қатар синтетикалық материалдардың жануы кезінде улы газдарды шығарғандықтан кішігірім өрт те адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етеді. Адамдар қазасының үлкен пайызы тәуліктің түнгі уақытында болады. Айта кету керек, қаза болғандардың 71 %-ы қайтыс боларда ұйқыда немесе мас күйінде болған. Айқындап кету керек, қаза болғандардың көбі тұрғындардың әлеуметтік жағынан нашар адамдар – бұл уақытша жұмыс істемейтіндер, зейнеткерлер және тұрғылықты жері жоқ түрғындар.

 Тұрғын секторындағы өрттердің көбі профилактикалық себептерден емес, яғни әрекеті шектеулі жағдайындағы адамдардың кінәсынан болады (мас күйі, психикалық ауру, жасы келген қуатсыздық, баланың тентектігі және т.б.). Отпен абайсыз болуына қоса, өрт туындауының негізгі себептеріне пеш пен электр құралдарын құру және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзуға жатады.  Өрт жағдайына негізгі әсерді табиғи-климаттық құбылыс береді. Сонымен, температураның лезде түсуі жылыту және қыздыру құралдарын жиі және қарқынды пайдалануын арттыруға әкеледі. Бұл өрт санының артуына әкеледі, маусымдық сипаттағы өрттерге әкеліп соқтырады.

Үй иелерінің жағдайсыздығына байланысты, көпқабатты үйлер өртке қауіпті жағдайда пайдаланылады. Өрт қауіпсіздігінің қайнар көздері болып табылады: жертөлелер (жанатын материалдар, қоймалар, тозған жиһаздар және т.б. болса), шатырлар (жанатын жылытқыш болса, шатыр ағашты түзілістің өрттен қорғау құрылысының жоқ болуы, жанатын заттар мен материалдардың тозып жатуы), санитарлық-ас үй тораптары (жөнделмеген газдардың, электрдің, пештің және басқа да техникалық құралдың болуы).

Екібастұз қаласының мемлекеттік өрт қадағалау бөлімі азаматтардан өрт қауіпсізідігінің ережесін сақтауын талап етеді, аталмыш ережені сақтай отырып, Сіз өзіңізді және өзіңізге жақын адамдарыңызды өрт салдарынан қорғай аласыз.

 

 

Елена Рогожина, мемлекеттік

өрт бақылау бөлімінің аға инженері,

өртке қарсы қызмет майоры