Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Нұржамал Мәдениетқызы Макумова 1968 жылғы 13 тамызда туған. 1999 жылы Павлодар университетін педагог–психолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Нұржамал Мәдениетқызы өзінің еңбек жолын 1989 жылы Екібастұз қаласы № 149 бала-бақшасының тәрбиешісі болып бастады.

Екібастұз қаласының №1, 17, 35 орта мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі болып, «Қайнар» БЖШО–да қосымша білім беру жөніндегі педагог болып, «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдістемешісі, тәрбие жұмысы жөніндегі бас маманы, кадр жұмысы жөніндегі бас маманы, мектепке дейінгі білім беру жөніндегі бас маманы,  мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру секторының бас маманы болып жұмыс істеді.

2012 жылғы 3 тамыздан бастап «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарының лауазымында болды.   

Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 27 мамырдағы өкімімен Нұржамал Мәдениетқызы Макумова «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мекенжайы (жұмыс орны): Қазақстан Республикасы, 141206 Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Павлодарская к-сі, 10 үй

Электрондық мекенжайы: ekibastuz-goroo@yandex.kz

Ғаламтордағы сайты: ekbgoo.gov.kz

Телефоны: 8 (7187) 740380, 775486

Азаматтарды жеке қабылдау апта сайын бейсенбіде сағ. 16.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі