Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қыс кезіндегі жолдардағы қауіп-қатер

Қазақстанда қыс кейде тосыннан келеді, және қыс мезгіліндегі қауіп-қатерді ұмытып, күтпеген жайсыздыққа ұшырауыңыз мүмкін. Сіз қыс сізге не ұсынатынын, ақ қар астында және нәзік қар қабатының астында не жасырынғанын ешқашан білмейсіз, коммуналдық қызметтер сізге қандай сыйлық жасайтынын ешқашан білмейсіз. Қыс мезгілінде автокөлікте жүрумен байланысты көптеген жайсыздықтардан құтылу үшін,  ережелер қатарын сақтау қажет.

Бірінші, не істеу керек – бұл автокөліктің дұрыс «аяқ киімінің» қамын ойлау. Қыста автокөлікті дұрыс және қауіпсіз пайдалану үшін, сондай-ақ аязға төзімді тежеуіш сұйықтығы, май, дұрыс желдеткіш, аккумулятордың дайындығы және сіздің көлігіңіздің электрі қажет.

Бірінші, не туралы есте сақтау керек – жоғары жылдамдық және орыннан қатты жұлқыну туралы ұмытыңыз. Орыннан бірқалыпты қозғалығыз және өте абайлап қарқынданыз. Тайғақ жол, дөндер, шұңқырлар немесе оқыс тежеу жоғары жылдамдықта жүру кезінде апат салдарына әкелуі мүмкін.

Қыстыгүні жолда қырағы болыңыз, сізді көптеген жасырын жайсыздықтар күтуі мүмкін: жолдардағы шұңқырлар, ақр астында жасырынған бөгде заттар және басқада күтпегендіктер.

Қыс мезгілінде қозғалтқышпен тежеген дұрыс. Қозғалтқышпен тежелу сізді күтпегендіктерден және апаттар салдарынан құтқарады. Қозғалтқышсыз тежелу кезінде кенеттен бұрылу және автокөліктің басқарылмайтындығына алып келетін сіздің техниканыздын кенеттен қозғалу ықтималы бар.

Ең жақсысы қозғалтқышпен тоқтау, сондай-ақ тежеу. Доңғалақтар блокаланбау үшін, ақырын және бір қалыпты тоқтау керек.  Тежеуіш басқышын қандай күшпен басу керек екендігін білу үшін тежеу шамасын қалыптастыру керек, демек өз көлігінізді сезіну керек.

«Машинанызды сезіну» тақырыбын жалғастыра отырып, жүргізуші және машина бір бүтін болу керек деген ұғымды білу өте қажет. Қысқы мезгіле рөлге алғашқы рет отыруға кеңес берілмейді, себебі бұл жаңа жүргізушіге өте қауіпті болуы мүмкін. Көлікті сезіну рөлді бұру кезінде ең маңызды –көлігін басқа жаққа жылжыту үшін жүргізуші рөлді қаншаға бұру керек екендігін білу керек. Қысқы жолдар нақты және бірқалыпты бұрылысты жақсы көреді – ондай болмаған жағдайда сізді басқа жаққа алып кетуі мүмкін. Кәсіпқойлар үлкен жолға шықпас бұрын, оның үстіне бұл қыстыгүні болса, осы дағдыны қалыптастыруға кеңес береді.

Машинаны басқару көбінесе автокөлік жетегіне байланысты. Егерде сіздің машинаңыз алдыңғы жетекті болса, онда ол тайғақ жолда немесе мұзда  жақсы ұсталынады. Қысқы кезеңде алдыңғы жетекті автокөлікпен басқара отырып, өзінізге рұқсат бере алатын ең көп жылдамдық шамамен алғанда 80 км/сағ. құрайды. Егерде сізде автокөлік трансмиссиясының құрылысы – артқы жетекті болса, онда сіздің ең көп жылдамдығыңыз 60 км\сағ. аспау керек.  Артқы жетекші машина тайғақ жолда жиі азырақ басқарымды.

Толық жетекті автокөліктер – қысқы жолда жүру сапасы бойынша көшбасшылар. Осындай машиналардың жүргізушілері 100 км/сағ.жылдамдықты рұқсат ете алады, бірақ бұдан көп емес. Толық жетекпен сіз өзіңізді жолда сенімді бола аласыз, бірақ әрине шаманы білу керек, себебі төтенше жағдайларда толық жетекті де көмектеспейді.

Бұл қар басу, сондай-ақ көк тайғақ болу мүмкін. Егер де қар біраз уақыттан кейін батып қалуға болатын «қарлы жол ботқасына» айналатыны туралы ұмытсақ, жүргізуші үшін қар басу аз  проблемалы – осындай жағдайда машинаны терең батырмау үшін, асықпауға және қатты газ бермеуге, бірқалыпты және ақырын шығуға кеңес береміз.

Қыста жүргізушілерді тағы қандай қатер күтіп тұруы мүмкін?

Қатты қар басу кезінде, шығу оңайға соқпайтын,  қар күртігіне түсу қаупі бар. Көктайғақ, бәлкім жолда болатынның ең қауіптісі, оның үстіне ол қардың астында жасырынып тұрса. Суықтың және мұздың әсерінен жол мылжаланады, ойлар пайда болады.

Жолға шықпас бұрын, жолға шығатыныз туралы жақындарыңызды және туыстарыңызды ескертіңіздер. ТЖ жайғдайында 112 нөмірі бойынша ҚР ТЖМ құтқару қызметіне қоңырау шалу қажет.

Қысқы жолда қырағы және сақ болыңыз!

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

3-құтқару бөлімшесінің басшысы                             Оспанов М.М.