Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Электрондық цифрлық қолтаңба уақытты үнемдейді

Бүгін Лариса Кавалер  алғашқы рет электрондық цифрлық қолтаңбаны алды. Оның ойынша, бұл өте ыңғайлы және жайлы, енді  онлайн режімінде үйде отырып алатын қызметтер үшін ХҚКО-ға бару қажет емес. 

- Менің әріптесім әр уақытта қажетті анықтамаларды жұмыста, үйде  алады, өйткені ЭЦҚ оның куәлігінде жазылған – дейді Лариса. – Мен түскі үзіліс кезінде мекенжай анықтамасын алу үшін ХҚКО-ға жүгірсем, ол бірнеше минут ішінде қажетті құжатты жұмыс принтерінде басып шығарады. Енді мен де жеке уақытымды үнемдейтін боламын. Ең алдымен қажетті құжаттарды өзіне-өзі қызмет көрсету секторында ресімдеп көремін, ал соңынан барлық туыстарыма порталды қалай қолдану керек екенін үйретемін.           
         Қызмет алушы өзіне-өзі қызмет көрсету секторында  «Нұр Отан» партиясының онлайн-қабылдауына өтініш жіберуге, жоғарғы сотқа талап-арыз беруге және өзінің кредиттік тарихын алуға болатынын білгенде өте таң болды. 

Электрондық үкімет  порталының автоматтандырылған қызметтері ЭЦҚ бар  болған кезде қол жетімді, оның көмегімен сіз онлайн режімінде қажетті құжаттарға  қол қоя алатыныңыз жөнінде ескертеміз.