Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ғасыр жаса, өмір бойы үйрен

        «Ғасыр жаса, өмір бойы үйрен» дейді халық даналығы. Осы қағиданы қызметкерлерді дамыту қызметінің басшысы Раушан Қозғамбаева мен психолог Анна Рахимжанованың  семинар-тренингіне қатысқан ХҚКО қызметкерлері мүлтіксіз ұстанады. Тренингтің мақсаты: серіктестіктерден алатын коммуникативтік ынталандырманы түсіну мен қабылдау шегін кеңейту. Тәжірибе жүзінде  коммуникация және ол жоқ болған жағдайда серіктестіліктің тиімділігін, шарттың топтық мақсатқа жетуіне әсерін тексеру, сонымен қатар  қатысушылардың  көшбасшылық  мүмкіндіктерін анықтау. Әріптестер арасында өзара қатынас пен іскерлік әдеп тақырыбына қызықты баяндамадан басқа бөлімдердің басшылары жеке ұтылымдықтарын жоғарлату, даулы жағдайларды басуды білу, позитивтік ойлауды дамыту мен тағы басқалар бойынша бірнеше жаттығуларды орындады.