Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бөбектерге арналған құжат!

Бөбектің  ТАӘ, туған жері мен күні, ЖСН көрсетілген ең алғашқы құжаты  туу туралы куәлік болып табылады. Оны алу үшін  ата-аналары  таңертеңнен  АХАЖ  емес,   осы қызметті 15 минут ішінде ресімдеуге болатын ХҚКО асығады. 

Стандартқа сәйкес дайын құжат  жаңа туған балаға  2 жұмыс күні ішінде беріледі, бірақ егер асықпайтын ата-аналар бөбек туғаннан кейін 2 ай өткеннен кейін жүгінсе, олар екі аптаға жуық тосатын болады.    

            ХҚКО жүгінген кезде «Баланың тууын тіркеу, соның ішінде азаматтық хал жағдайлар актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»  мемлекеттік қызметін ресімдеу үшін қандай құжаттар қажет? 

      1.Ата-анасының  жеке куәлігі 

      2.Неке туралы куәлік

      3. Туу туралы медициналық анықтама  немесе туу фактісін анықтау туралы соттың шешімі        

        Егер ата-анасы  туу туралы куәлікті 1 жұмыс күні ішінде алғысы келсе, онда оны egov.kz  көмегімен жасауға болады. Яғни  көрсетілген тізімдегі құжаттарды сканерлеу қажет және оларды  электрондық цифралық қолтаңбамен қол қойылған толтырылған  өтінішті бекіту қажет.  

            Біздің балардың 16 жаста алатын келесі құжаты пластикалық карта түрінде ХҚКО ресімделетінін ескертеміз, бірақ бұл мүлде басқа оқиға.