Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мобильді ХҚКО тұрғындарға көмек

         Көптеген ауылдық мекендердің тұрғындары  ХҚКО қызметкерлерінің олардың жеріне нақты бір уақытта келетінін біледі.  Мобильді  топтың қызметкерлері көбінесе азаматтарды ауылдың орталығында орналасқан әкімдіктің ғимаратында қабылдайды. Онда бару үшін бензин немесе газ иісі бар ауыларалық  автобуспен емес, таза ауада бірнеше метрге дейін ғана жүру қажет.

           Ауыл адамдарының анықтама мен құжаттарды алу үшін аудандық ХҚКО бармауы үшін, ақшалай қаражаттары мен уақыттарын үнемдеу үшін  Мобильді топтар өздері ауылдық мекендерге сапарға шығып, азаматтарды өз орындарында қабылдауды жүзеге асырады. 
        Ағымдағы жылғы наурыз айынан бастап Мобильді топтың құрамына шалғай жатқан ауылдық мекендердің тұрғындарына қызмет көрсететін ХҚКО қызметкерлерінен басқа,  ЗТМО және «Қазпошта» АҚ қызметкерлері кіріп отыр. Сонымен, мысалы, сол жерде балаға арналған  жәрдемақысы мен зейнетақыны ресімдеуге болады. 

Ауылдық мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерден басқа ЭЦҚ мәселесі, порталда тіркеу, құжаттарды ресімдеу және т.б. бойынша тегін кеңес ала алады.

Мобильді ХҚКО сапарлар кестесі әкімдік сайтында, жергілікті газеттерде, сонымен қатар вокзалдың ғимаратында және маршруттық автобустарда орналасқанын ескертеміз.             

Сөз ретінде, 2015 жылдан бастап Павлодар облысының Мобильді ХҚКО қызметкерлері 15 000 астам анықтамалар мен құжаттар берді.