kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қала басшысы қаржыгерлерді құттықтады

          2015 жылдың 12 қарашасында қала әкімі Александр Вербняк қаржы жүйесінің қызметкерлерін кәсіптік мерекемен құттықтап, оларға табыс тіледі.

Екібастұз өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен қаржы жүйесінің ардагері Жұмагүл Қарыбаева, Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының есептеу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Айгүл Абенова, қалалық қазынашылық басқармасының қаржылық және шарттарды тіркеу тобының бас маман-бас қазынашысы Салтанат Аменова, мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Арлан Бекеев, мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс жүргізу және камеральды бақылау бөлімінің басшысы Қымбат Бектемірова, қалалық қазынашылық басқармасының басшысы Саттар Жакенов, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қанат Капуов, мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс жүргізу және камеральды бақылау бөлімінің бас маманы Гүлмира Макишева марапатталды.

Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс жүргізу және камеральды бақылау бөлімінің бас маманы Мылтықбай Альтаевқа, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің түсімдерді болжау секторының бас маманы Орынгүл Қорабаеваға, қалалық қазынашылық басқармасының төлемдерді алдын-ала бақылау және өткізу тобының бас маман-бас қазынашысы Сәуле Махметоваға, қаржы бөлімі басшысының орынбасары Жанат Тілеуберлинаға, қаржы жүйесінің ардагері Надежда Шаматайлоға Екібастұз қаласы әкімінің алғыс хаты жіберілді.

         Кездесу қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған концерттік бағдарламамен сүйемелденді.

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза