Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Достардың спорттық кездесуі

«Жасыбай» БЖСМ бапкерлері мен спортшыларын  бұрыннан бергі берік және достық  қатынастағы «Үміт» балалар үйі ұжымы байланыстырып келеді.

«Үміт» балалар үйінің мәжіліс залында үміттіктер ұжымы үшін үздік спортшылар өздерінің бапкерлерімен спорт, әсемдік, ептілік және күш мерекесін ұйымдастырды.

         «Жасыбай» БЖСМ директорының орынбасары Н.Ф.Байғабұловтың кіріспе сөзінен соң дзюдо күресінің жас шұғылданушылары, Павлодар облысы чемпиондары Батырхан Елубай мен Әділ Зәйкенов бапкері Р.Т.Махметовпен бірге өз шеберліктерін көрсетті. Жоғары дәрежелі бапкер Ж.Т.Садвакасовтың боксшы алақаншысымен балалар үйі түлегі, осы спорт мектебінді  жаттығатын Қайрат Арыстанбековпен жаттығу жекпе-жегін көрермендер асқан ризашылықпен қарсы алды.

         Бапкер Наталья Сафронова, жүзу бөлімшесінің жетістіктері туралы әңгімелеп берді, ал көптеген атағы бар жас жүзуші Станислава Тарасова, өзінің 6 жастан бастап жүзумен шұғылданатындығын қазір 10 жаста екенін айтып, түрлі жарыстарда жоғары сатыға көтерілгендігін, тек қала және облыс жеңімпазы ғана емес екенін, сонымен қатар Алтай өлкесі біріншілігінде және Самара мен Санкт Петербор қалаларында да бірінші болғанын айтып, кеудесіндегі медальдар соның айғағы екенін көрсетіп, балаларды  қызықтыра түсті.

         Спорттық акробатика бөлімшесінің 2015 жылғы Қазақстан Республикасының чемпиондары, әйелдер жұбы Ксения Хивук пен Жания Рымтаева, ерлер төрттігі Санжар Садуов, Иван Пересин және ағалы-інілі Анатолий және Василий Пахандриндер де өнерлерін көрсетіп көрермен қошеметіне бөленді.  

         Бәрінен де Үміт мектебі спартакиадасы жеңімпаздарын марапаттау есте қаларлықтай уақиға болды, балаларды еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дмитрий Попов, спорт шебері Расул Хатаев, спорт шебері, әйелдер күресінен әлем чемпионы Светлана Анкичева құттықтап, мадақтамалар табыс етті. Үміттік балалар үшін атақты спортшылардың қолынан марапат алу зор қызығушылық пен мақтанушылық сезімін тудырды деуге нық сенім бар. «Жасыбай» БЖСМ бапкерлері мен спортшылары  «Үміт» балалалар үйінің директоры Нағима Абдрахманова біздің спортшылар өзіне және балаларға зор әсер қалдырғандығын айтып, ризашылығын білдірді.