Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Білім бөлімінің кезекті алқа отырысы

Қарашаның бесі  «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде  Білім бөлімінің кезекті алқа отырысы  өтті. Алқа жұмысына қала әкімінің орынбасары   Мариям Адасбаева, Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасының өкілдері және мектептердің  инспекторлары қатысты.

Отырыста ювеналды полициямен бірлескен рейдтік шаралардың қорытындысы шығарылды.  Рейд барысында  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімнің, мектепішілік есепте тұрған,  қолайсыз және толық емес отбасыларынан барлығы 2132 бала мен жасөспірімнің 1955 пәтерлері аралап, тексерілді.

          Осы шараның нәтижесі бойынша  кәмелетке толмағандарға арналған қалалық баспанаға 11 бала орналастырылды, Павлодар қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 5 бала жіберілсе, 8 ата-ана Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды, 8 ата-ана 11 балаға қатысты ата-аналық құқығынан айырылды.

Оқушылар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу талдауы жүргізілді, соңғы 3 жылда қаланың  4 мектебінде, атап айтқанда № 21, 22, 25 және  28 мектептеріне.  Алайда, ағымдағы жылы   № 9, 13 және  11 мектептердің 4 оқушысымен 12  құқық бұзушылық жасалды ( № 9 ЖОМ – 3,  № 13 ЖОМ – 8 және  № 11  ЖОМ– 1).

Келесі қаралған өзекті мәселелердің бірі, ол жалпы білім беретін мектептердің «Алтын белгі» белгісіне және  үздік  аттестатқа үміткерлерді дайындау болып отыр.  Осы мәселе бойынша № 2, 4, 6, 7, 11, 13, 18, 25, 35 мектеп  директорларының есептері тыңдалды. Білім бөлімімен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмысы үшін «ҰБТ-ға дайындалудың қадамдық әдістемелік жүйесі» әзірленді және ұсынылды.

         Педагог  қызметкерлерді аттестаттау қорытындысы шығарылып, сапалық құрамына талдау жүргізілді.

       Қаралған мәселелер бойынша  ескертулерді белгіленген мерзімде жою ұсыныстары мен тапсырмалар берілді.