Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«KAZ Minerals Bozshakol (КАЗ Минералз Бозшакөл)» ЖШС Сізге «Бозшакөл» кен орнының мыс-молибден кенің өңдеу, байыту фабрикасын және ішкі құрылымының құрылысы. Түзету» жобасының құрамында «Қоршаған ортаға келтірілетін ықпалды бағалау» бөлімі бойынша, Қоғамд

Өткізу күні: 05.11.2015 ж. Сағат 10:00

Өткізу орыны: Павлодар облысы, Төрт-Құдық ауылы, Мәдениет сарайы.

Қоғамдық тыңдалымдардың ұйымдастыруы:

Қоғамдық тыңдалымдарды өткізу туралы ақпарат 15.10.2015 жылғы № 41 (3103) «Голос Экибастуза» газетінде мақала ретінде және ғаламтор сайты http://ekibastuz.gov.kz/ru/index.php?id=4820 арқылы жарияланған.

Қатысушылар:

Төрт-Құдық әкімшілігінің өкілі: Тасимов Базылбек Жамсапович.

Екібастұз қаласының экология департаментінің бас маманы: Сулейменов Сагындык Сагидоллович.

ТҚҚК ЭБ бөлімінің басшысы: Иментаев Кайдар Койшенович.

Баяндамашы: Бельгибеков Ербулан Толегенович.

КАЗ Минералз Бозшаколь ЖШС өкілдері:

«KAZ Minerals Bozshakol (КАЗ Минералз Бозшакөл)» ЖШС ҚОҚ басқармасының бастығы Уразалимов Д.М., Экология-инженерлері: Болысбаева Д.К., Абдулаев А.А.

(Хаттамаға қосымша ретінде тыңдалымдардың қатысушыларының толық тізімі немесе санат ретінде қосылады.)

Сөз сөйлегендер:

05.11.2015 ж сағат 10:00 де Төрт-Құдық әкімінің м.а. Тасимов Базылбек Жамсапович -«Бозшакөл» кен орнының мыс-молибден кенің өңдеу, байыту фабрикасын және ішкі құрылымының құрылысы. Түзету» жобасының құрамында «Қоршаған ортаға келтірілетін ықпалды бағалау» бөлімі бойынша, Қоғамдық тыңдалымдарды ашты.

Өз сөзінде Қоғамдық тыңдалымдарҚазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 17 бабының 30 тармағына, 57 тармағына және 2013 жылғы 26 науырыздағы № 50ө ҚР Қоршаған ортаны қорғау туралы бұйрық талаптарына сәйкес өткізілуде.  Алдын ала өткізу уақытымен өтер орнын жегілікті билік органдарымен мақұлданып, БАҚ арқылы қоғамдық тыңдалымдар туралы ақпарат жарияланған.

Бұдан әрі қоғамдық тыңдалымдардың төрағасымен хатшысын сайлауды, күн тәртібін бекітуді, жиналыстын жұмыс тәртібін бекіту туралы ұсыныс жасалды.

Қоғамдық тыңдалымдардын күн тәртібі:

  1. Тыңдалымдардың төрағасымен хатшысын сайлау.
  2. Ақпаратпен танысу.
  3. Қоршаған ортаға келтірілетін ықпалды бағалау жобасын талқылау – 15 минут.

(Күн тәртібінің басты тармақтары және оған берілетін уақыт шектеулері)

  1. Сұрақтар мен жауаптарды және ұсыныстар мен пікірлерді баяндау – 20 минут.

Бірінші сұрақ бойнша келесі үміткерлер ұсынылды:

- қоғамдық тыңдалымдардын төрағасы лауазымына - Тасимов Базылбек Жамсапович

Ашық сайлаудын қортындысы бойынша – бірауыздан мақұлданды.

-қоғамдық тыңдалымдардын хатшысы лауазымына – Болысбаева Динара Канадиловна.

Ашық сайлаудын қортындысы бойынша – бірауыздан мақұлданды.

Еінші сұрақ бойынша «KAZ Minerals Bozshakol (КАЗ Минералз Бозшакөл)» ЖШС ҚОҚ басқармасының инженер-экологі Бельгибеков Ербулан Тулегенович сөз сөйледі.

Сөздін басында Бозшакөл жобасы туралы жалпы мәлімет берілді. Тыңдаушыларға келесі ақпарат берілді:

Бөлек Компания 2014 жылы тындалымдарды өткізген туралы айта кетілді, бүгінгі тыңдалымдар Компания ынтасымен 2016 жылдың бірінші тоқсанында фабрикананың ашылуы алдында өткізіліп отыр. Осы жобаның басты мақсаты катодты мыстын өндеу көлемін нығайтып Компанияның әлемдегі 10 ірі мыс өндірүші компаниялардын тізіміне кіру. Сондықтан осы жобаның орындауы текқана жергілікті мнызы емес, республикалық маңызы бар.

Шанның ықпалын азайту үшін фабрикада шанұстағыш қондырғылар қарастырылған. Олар Фильтр камерасында босату науасының үстінде қойылған. Осы қондырғы тастаулардын қомақты көлемін қыстартады. Жиналған шан өндіріске қайтарылады сондықтан қалдықтардын көлемі қысқартылып өндірістік әсер нығайтылады. Кәсіпорында тұтас су айналымы қарастырылған.

Кәсіпорынның ағын сулары, тазартылғанннан кейін су жинауыш тоғанына тасталады, тоған суды жинап булайды, тоған жерге сінуге қарсы экранмен жабдықталған.

Қалдық қойма туралы мәлімет берілді, ол ағын суларды өндірісте қайта қолдануды қарастыратын жүйемен жабдықталаған.

Кәсіпорында аса қауіпті қызыл тізімге қарайтын қалдықтар пайда болмайды. Мысалыға кәзір өнделген майларды бөлек кәсіпорынға қайта өндіруге беріледі. Таза ағаш қалдықтары мердігер ұйымдар арқылы Төрт-Құдық ауылының тұрғындарына қолдануға беріледі.

Одан әрі сирек кездесетін қызыл кітаптағы бірқазан, БКБК орнында табылған туралы айтылды. Бірқазан қауыпсіз ұсталынып Павлодар қаласындағы ветеринариялық клиникаға берілді.

Қоғам өкілдерінің сұрақтары мен ұсыныстар жәнепікірлер.

1 Сұрақ. (Төрт-Құдық ауылының әкімі Тасимов Б.Ж.)

Қандай реогенттер қолданады? Ксантогенат па?

Жауап

Байыту технологиясында ксантогенат ен басты реогент. Кәзір еуропа стандарттарына сай жабдықтар қойлған. Мысалы:

Конвейрларда шаннан тазартатын құралдар тұр. Жиналған шан өндіріске қайтарылады сондықтан қалдықтардын көлемі қысқартылып өндірістік әсер нығайтылады, өйткені шан – концентрат болып табылады.

Сондай ақ 1 км санитардық қорғау аумағы қойылған. Бар ықпал осы санитардық қорғау аумақпен шектеледі.

2 Сұрақ (Төрт-Құдық ауылының тұрғыны)

Комбинат қанаш іске қосыдалы?

Жауап

Ашылу 2016 жылдың бірінші тоқсанына көзделген.

3 Сұрақ (Төрт-Құдық ауылының тұрғыны)

Ол жерде уран бар екені рас па?

Жауап

Геологиялық картаға сәйкес алытын бар жерде радионуклеидтер бар болуы мүмкін. Бірақ бізде уран өнделмейді. Осымен бірге радио мониторинг жүргізіледі. Басты өндіріс мыс пен молибден. Алтын қоспалары басты компонент мыс пен салыстырғанды өте аз.

4 Сұрақ (Екібастұз қаласының экология департаментінің бас маманы: Сулейменов С.С.)

«Қоршаған ортаға келтірілетін ықпалды бағалау» неліктен бөлек нысандарға жасалады? Ластаудың көбейуіне қарсы «Қоршаған ортаға келтірілетін ықпалды бағалау» жобасы неліктен жалпы кәсіпорнына жасалмайды? Барлығын бөлек тапсырғанда шектен тыс ласстау болмайды. Неліктен барлығын қоспайсыз?

Жауап:

«Қоршаған ортаға келтірілетін ықпалды бағалау» технологиялық желіге сәйкес жасалған. Кенде топырақтын үлесі аз болғаннан ейін «Қоршаған ортаға келтірілетін ықпалды бағалау» әр нысанға бөлек жасалады. Дұрыс мәліметтерді алу үшін өнеркәсіп орыны біраз уақыт жұмыс істеу керек. Сондықтан кәзір дурыс мәліметті жинау үшін ПДС, ПДВ, ПНРО жобалары жасалуда. «Қоршаған ортаға келтірілетін ықпалды бағалау» жобасымен ұзақ уақыт жұмыс істеу құқығына қарамастан,  осы жобалар іске кірістірілген.

5Сұрақ (Екібастұз қаласының экология департаментінің бас маманы: Сулейменов С.С.)

Егер сіз максималды деректерді енгізсендер, операциондық тиімділігі қандай? Презентацияда тек қана жалпы ақпарат. Құжаттық тиімділігі қандай? Қандай мемлекет өндірген?

Жауап

Технология бойынша 90% артық.

Біз бұдан әрі жергілікті тұрғындар мен кездесуді жалғастырамыз. Экология департаментінің, ТҚҚК ЭБ бөлімінің мамандарын шақырып, жаналықтар болса хабарлап тұрамыз. Түсініктемелерді қарастырамыз. Технологиялық материалдырды алып, толық ақпаратты жеткіземіз.

6 Сұрақ (Екібастұз қаласының экология департаментінің бас маманы: Сулейменов С.С.)

Сырттағы конвейр КБК жатады ма? Сіздін сөзініз бойынша кен техникамен жеткізілетін болады.

Жауап

Ия, конвейр БКБға жатады. Кен техникасы (өзі аударғыш) алғашқы уақталуға дейін қолданады.

7 Сұрақ(Екібастұз қаласының экология департаментінің бас маманы: Сулейменов С.С.)

Конвейр биікте орналасқанғой, ұзындығы үлкен ғой?

Жауап

Конвейер басынан қисыны бар ықпалды төмендетү үшін жел тармақтарына сәйкес жобаланған.

8 Сұрақ(Төрт-Құдық ауылының тұрғыны)

Менде үш ұлым бар. Үлкен ұлым Аларкода жұмыс істеген. Бірнеше рет Экибастуз қаласындағы Матросова 6 кошесіндегі Қазақмыс кенсесіне өтініш жасаған.Бізге, Аларкода жұмыс істеген жұмысшылардын толықтай жұмыс тәжірибесі жоқ екенін айтты. Екінші балам әскерден келіп металлург дипломы бар, бірақ оған да бас тартты, жұмыс өтілі жоқ деп Бізде кредит бар. Балам жумыс істеген фабриканы жауып тастаған. Жұмысқа тұру бойынша кімге өтініш жасау керек?

Жауап («KAZ Minerals Bozshakol» (ҚАЗ Минералз Бозшакөл) ЖШС ҚОҚ Басқарма бастығы - Уразалимов Д.М.)

Бүгінгі қоғамдық тыңдаулардың тақырыбы Қоршаған ортаға әсерді бағалауына арналған. Бірақ жұмысқа орналастыру жайлы Екібастұз қаласындағы Кадрлер бөлімімен байланысуды  кеңес етемін.

Жауап (Төртқұдық ауылының әкімі, Тасимов Б.Ж.)

ӘркелгенкезімдеҚазақмыстыңөкілі, Айнұрбірінқалдырмайбәріненрезюмелердіқабылдайды. Ондаіріктелуқатаң, кадрлербөлімініңтестілеуіненжәнесолсаладағымамандарменсұхбаттасуданөтукерек. Олфабрикадажабдыққұрал-саймандарқымбат. Сондай-ақағылшынтілінбілгеніжақсы. Мүмкін, Сіздің ұлдарыңыздың мамандықтары әзірше талап етілген емес, «Қазақмыс» компаниясы жергілікті адамдарды алмайды деп айтуға болмайды. Маған олардың резюмелерін беріңіз, мен таяуда сол жаққа барып қолымнан келетіннің барлығын істеймін.

Сондай-ақ, Қазақмыс компаниясының арқасында басқа зауыттар ашылғаның ескертуіміз жөн. Жуырда жарылғыш заттарды өндіретін зауытта 140 жұмыс орны ашылады. «Қазақмыс» компаниясы болмаса, сол зауыт болмас еді.

Таяуда экономикалық прогресс болады. Төртқұдықта 50 қарағай егілді, оған шамамен 1 миллион жұмсалды. 1 миллиард 280 миллион мөлшерінде экологиялық төлемдер республикалық бюджетіне төленетін болады.

Жауап «KAZ Minerals Bozshakol» (КАЗ Минералз Бозшакөл) ЖШС ҚОҚ Басқарма бастығы – Д.М.Уразалимов.

Сондай-ақ бізде вахталық кентінде жасылдандыруу жүргізілуде. Бұл ҚОҚ үшін ғана емес, жұмыскерлердің жайлылығы да үшін жасалып жатыр.

9-сұрақ. (Төртқұдық ауылының тұрғыны)

Қалдықтар сақтайтын орын мәселесі бойынша, жергілікті тұрғындардың денсаулығына әсерін болдыртпау үшін адамдарды басқа жаққа көшіре ме?

Жауап (Тасимов Б.Ж., Төртқұдық ауылының әкімі)

Есімде бар, бұл сұрақ 2 шаруа қожалығын ауыстырмақшы болған кезде көтерілген. Оларға құны тең жер берілді. Қалдық сақтайтын орынның 60%-ы сусыздандырылған құм, қалған бөлігі қою масса. Өз тәжірибем бойынша білетінім, Жезқазған, Балқаш, Қарағандыда қалдық сақтайтын орындар қаладан 1 км жерде орналасқан. Ал бұл жағдайда 25 км қашықтықта орналасқан.

Жауап («KAZ Minerals Bozshakol» (КАЗ Минералз Бозшакөл) ЖШС-нің Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы  - Уразалимов Д.М.)

Әуел бастан қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында қалдық сақтайтын орын төңіректегі жердің бедерінің  төмен жерінде орналасатындай жобаланған. Қойыртпақ құбырының ұзақтығы тым ұзын, ал тасымалдау қымбат болса да, бұл бірақ қауіпсіз.

Талқылау қорытындысы бойынша негізгі түйімдер:

(есепке алынуы қажет ұсыныстар мен ескертпелердің бар болуы (жоқ болуы), олардың қалай ескерілетіні; қағида түріндегі қайшылықтардың бар болуы (жоқ болуы) және қоғамдық көзқарасты ескеру бойынша жұмыстар қалай ұйымдастырылатыны).

Күн тәртібі қаралып бітіп, жиналыс жабық деп саналсын.

Жабылған уақыты: 11:00.