Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бексеитова: осеннее обрезание деревьев

Мен Бексеитова ,М.Жусуп кошеси 86/16 кв 33 те турамын осымен екинши рет сиздерге отиниш жолдап отырмын мен биринши этажда турамын улкен теректер балконнын алдында и залдагы айнектин алдында жаз болса дем алгызбайды тополинный пухтан демигемин коктемде жазганда айттыныздар бюджеттетеги акша жумсалып кетти коктемде ,енди кузде карастырамыз деп улкен отиниш еки теректи кесип тастасаныздар екен

Cіздің М.Жүсіп көшесі 86/16 мекенжайы бойынша ағаштарды санитарлы кесу мәселесі бойынша Екібастұз қаласы әкімінің сайтына келіп түскен өтінішіне, келесіні хабарлаймын.

ТҮКШ бөлімінің мамандары аталмыш мекенжайға шығып ағаштарды байқап-тексеруін жүргізді, нәтижесінде бұтақтары жарым-жартылай сынған,  құрғап қалған ағаштары бар екені анықталды.

Осыған орай осы мекенжай ағымдағы жылға ағаштарды санитарлы кесу бойынша жалпы қажеттілік тізіміне енгізіледі. Жұмыстар осы мақсатқа бөлінген қаржы шегінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес Сіздің қабылданған шешімге арыздануға құқығыңыз бар.

  

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

ТҮКШ, ЖК және АЖБ» ММ

басшысының м.а.                                                                           Л. Яценко