kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Электрондық есеп-фактуралар

2014 жылдың 1-шілдесінен Қазақстанда есеп-фактураны ерікті негізде электронды түрде (ЭЕФ) қолдану пайда болды. Батыс Еуропа есеп-фактуралардың 90 пайызы электронды түрде пайдаланады. ЭЕФ Ресей 2011 жылдан ерікті, Әзірбайжан 2010 жылдан міндетті түрде пайдаланып келеді.

ЭЕФ ақпараттық электрондық есеп-фактура жүйесінде (ИЖ ЭЕФ) жүргізіледі, жүйенің әкімшісі ҚР ҚМ Қазнашылық комитеті. ИЖ ЭЕФ пайдалану тегін.

ЭЕФ пайдаланып жұмыс істеу үшін ИС ЭЕФ тіркеліп, ИЖ ЭЕФ-тың қатысушысы болу керек.

Егер сіз есеп-фактураны қағаз тасымалдаушыны немесе электрондық тасымалдаушыны пайдаланып жазсаңыз, есеп-фактураның түп нұсқасы болып ИЖ ЭЕФ жүйесіндегі электрондық түрдегі тасымалдаушы есептеледі. ЭЕФ көшірмесі қағаз немесе электрондық түрде болуы мүмкін.

Салық заңнамаларына сәйкес ЭЕФ ИЖ ЭЕФ жүйесінде пайдалану мерзімі біткенше және бөтен біреудің пайдалануынан сақталады.

ЭЕФ  пайдаланудың артықшылығы:

-  ЭЕФ жазу мерзімі 15 күн болса, есеп-фактурасын қағаз тасымалдаушыға жазу мерзімі 7 күн.

-  ЭЕФ шетелдік валютамен жазу мүмкіндігі.

-  ЭЕФ қарамағындағы қызметкерлердің жазу мүмкіндігі.

-  Заңды тұлғаға қарасты құрылымдар жазған ЭЕФ басқару мүмкіндігі.

-  ЭЕФ пайдаланғанда сатылған тауардың, көрсетілген қызметтің,жұмыстың реестрін (300.07) тапсырмау мүмкіндігі.

-  Сіз қабылдаған ЭЕФ сатылған тауардың, көрсетілген қызметтің, жұмыстың реестрі (300.08) болмау мүмкіндігі.

-  Қағаз және басқа заттарды үнемдеу мүмкіндігі.

-  Мекен жайдың қайда орналасқанына қарамастан ЭЕФ-ты жедел жеткізу мүмкіндігі және сатып алушы мен сатушының ИЖ ЭЕФ жүйесінде пікір алмасуы.

-  ИЖ ЭЕФ жүйесі форматтық-логикалық бақылау жүргізетіндіктен қателік болмауы.

-  Қосымша бугалтерлік құжаттардың (есеп айырысу, жүкқұжат) болмау мүмкіндігі.

-  Егер тауарды алатын, қызмет көрсетуді, жұмысты пайдаланатын мемлекеттік мекеме болса, электрондық қаржы құжаттарының әділдігі үшін есеп айырысуды ИЖ ЭЕФ-тен «Қазнашы-клиент» жүйесіне автоматты түрде жүргізу мүмкіндігі.

     Қысқаша ЭЕФ түрлері туралы.

- ЭЕФ формасы www. salyk. kz. сайтында орналасқан электрондық түрдегі есеп-фактуралардың құжат айналымдары Ережесімен бекітілген.

- Есеп-фактуралардың міндетті бөлімдері болып төмендегі бөлімдер табылады: А бөлімі «ЭЕФ туралы жалпы ақпарат», В бөлімі «Тауар сатушының реквизиттері», С бөлімі «Тауар алушының реквизиттері», G бөлімі «тауар (қызмет, жұмыс туралы мәліметтер».Егер сіз есеп-фактурасын мемлекеттік мекемеге жазатын болсаңыз, ол жағдайда F бөлімін яғни, «Мемлекеттік мекеменің реквизиттері» толтырасыз.

- ЭЕФ баспа түрінде міндетті бөлімдері көрсетіледі. Ал міндетті емес бөлімдері ИС ЭСФ қатысушы толтырғанда көрсетіледі.

-  ЭЕФ формасы келісім-шарт аясында жұмыс істегенде ЭЕФ-ты алуға және жазуға мүмкіндік береді.

 

Екібастұз каласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза