Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласында мүлікті жария етудің барысы туралы ақпарат

Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары!

 

Екібастұз қаласы әкімінің аппараты өз мүлкін, соның ішінде ол өз мүлкін, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны заңды түрде жария етуге ниет білдірген барша азаматқа көмек көрсетуге арналған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы»  2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V заңының жұмыс істеп жатқанын еске салады.

         Осы Заң мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Жария етуге  жататын мүлік: ақша; бағалы қағаздар; заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа); құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар); Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жатады.

2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілері жария етуге қатыса алады. Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар мүлікті жария ету субъектілері болып табылады.

Мүлікті жария ету 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталды және 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2015 жылдың 30 қарашасында аяқталады. 

Жария ету субъектілері құжаттарды Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) өтініш комиссияға мұндай мүліктің тұрған жері бойынша берілетін жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайларын қоспағанда, жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша комиссияға ұсынады.

Екібастұз қаласында мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу жөнінде комиссия құжаттарды қабылдауды Мәшһүр Жүсіп көшесі 45, № 35 каб., тел. 344500 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүзеге асырады.  

Қосымша 2015 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша Екібастұз өңірінің аумағында 110 объектіні жария ету туралы 63 өтініш түсті, оның 25-і тұрғын, 85-і тұрғын емес; олардың ішінде 20 тұрғын объект және 67 тұрғын емес объект жария етілді.

 

Екібастұз қаласы әкімінің аппараты