kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

2016-2020 жылдарға арналған «Сабитхан» ШҚ қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын жобалауды талқылау бойынша қоғамдық тыңдаулар

Хаттамасы

 

Өткізу мерзімі: 21.10.2015ж.

Өткізу орны: Екібастұз қаласы,  «Сабитхан» ШҚ

Келген қатысушыларды тіркеуінің басталуы уақыты:: 09сағат 30 мин;

Тыңдаулар ашылу уақыты: 10сағат 00 мин;

Қоғамдық  тыңдаулар ұйымдастырылған:  «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ;

Қоғамдық  тыңдауларды өткізу жөніндегі ақпарат Екібастұз қаласының әкімдігінің сайтында, "Отарқа", "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланды.

 Қатысқандар :

- Жергілікті атқарушы орган өкілі;

- Павлодар облысы бойынша мемлекеттік экология инпекторы;

- «Сабитхан» ШҚ қызметкерлері;

- Екібастұз қаласының тұрғындары (Байет ауылының тұрғындары);

- Басқа да шаруашылық қожалықтардың өкілдері;

- Барлығы қатысқандар -11 адам (1қосымша).

 

Осы хаттамаға қатысушылардың тіркеу тізімі 1 Қосымшада ұсынылған.

Қоғамдық  тыңдауларды өткізу үшін күн тәртібін, уақыт тәртібін бекітіп, төрағасы мен хатшысын сайлау қажет.

Тыңдаулар төрағасы мен хатшысы сайланды (қарсылық жоқ):

Төрағасы  – «Сабитхан» ШҚ-ның басшы міндетін атқарушысы  Е.Т. Арбиев.

Хатшысы – «Сабитхан» ШҚ-ның бухгалтері С.А.Корепанова.

     

Күн тәртібі, регламенті:

1.  «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ бас маманы Н.З.Конротбаевтың  кіріспе сөз сөйлеуі –  3 мин

2. «Сабитхан» ШҚ қоршаған ортаны қорғау  бойынша іс-шаралар жоспарын талқыға салу–  10 мин.

3.  «Сабитхан» ШҚ (2 қосымша) қоршаған ортаны қорғау  бойынша іс-шаралар жоспарын талқыға салу–  10 мин.

4. Іс-шаралар жоспары  бойынша шешімдер мен ұсыныстарды қабылдау–  3 мин

 

  1. Күн тәртібінің бірінші тармағы бойынша  «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ бас маманы Н.З. Конротбаев сөз сөйледі:

«Сабитхан» ШҚ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 57 бабы 3 тармағына сәйкес қоғамдық тыңдауларға қоғамның талқылауына 2016-2020 жылдарға арналған «Сабитхан» ШҚ қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары талқыға салынады. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 12 маусымдағы №162 үлгілік тізбеге сәйкес құрылған қоршаған ортаны қорғау  бойынша іс-шаралар жоспары Министрлігімен  бекітілген.

 2016-2020 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын талқыға салуға «Сабитхан» ШҚ-ның бухгалтері – С.А Корепанова ұсынады.

 

    2. Күн тәртібінің екінші тармағы бойынша  «Сабитхан» ШҚ-ның бухгалтері – С.А Корепанова сөз сөйледі:

 

3.2016-2020 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын талқыға салу.

 

 Сұрақ: Е.А.Шатилова - «Полигон» МКК-ның инженері-экологі:

- Барлық іс-шаралар қандай қаражат есебінен орындалады?

Жауап: «Сабитхан» ШҚ-ның басшы міндетін атқарушысы  Е.Т. Арбиев:

  - «Сабитхан» ШҚ-ның өз қаражат есебінен.

 Сұрақ: Н.З. Конротбаев - «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ бас маманы:

- ШЖТ (шектеулі жіберілетін тастаулар) жобасын сәйкес кәсіпорынға арналған СҚА өлшемі?

 Жауап: «Сабитхан» ШҚ-ның бухгалтері – С.А Корепанова:

- «Өндірістік объектілерде санитарлық қорғау аймағын құру бойынша санитарлы-эпидемиалогиялық талаптарға сәйкес» (2012ж.17.01 күні бекілген №93 Қазақстан Республикасының Өкіметінің Қауылы), шаруашылық қожалықтың саниталық – қорғау аймағының (СҚА) көлемі 300 м. құрайды, кәсіпорын 3 класты қауіптілігіне жатады ((...10 ауылшаруашылық объетілерінің 42-бабының 1 тармағы) Кемінде 1200 бас ірі мал өсіру және бордақылау шаруашылығы бойынша  (барлық салада), жылқы фермалары). Тыңдаушыларға 2015 жылдың 17-қыркүйегінен санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы ұсынылды. 

Сұрақ: В.В. Хан. – «Эльдорадо» ШҚ-ның басшысы:

- Екібастұз қаласы тұрғыны ретінде мынаны білгім келеді: «Сабитхан» ШҚ-ы Екібастұз қаласының су қоймасына қандай әсерін тигізеді, адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға?

 Жауап: «Сабитхан» ШҚ-ның бухгалтері – С.А Корепанова:

- «Сабитхан ШҚ арналған өндірістік және экологиялық бақылау бағдарламасы жетілдіріліп іске қосылған, ол қоршаған ортаның барлық компоненттеріне өндірістік кәсібінің әсерінің тиімді мониторингін қамтамасыз етеді. Осы бағдарлама бойынша, СҚА шекарасында қоршаған ортаның атмосфералық ауасына бақылау жүргізіледі.    Өлшемдер, жыл сайын «Промсервис-Отан» ЖШС өзінің акредиттелген зертханасында жүргізіледі.  Барлық бақыланатын параметрлер жіберілген белгілер шегінде. Су сынамаларының зертханалық қорытынды нәтижелері ұсынылды. 

 

   4. Нақтыланған іс-шаралар жоспары бойынша шешім және ұсыныстарды қабылдау

Іс-шаралар жоспарын толықтыру немесе өзгерту бойынша ұсыныстар түскен жоқ.

2016-2020 жылдарға арналған «Сабитхан» ШҚ қоршаған ортаны қорғау бойынша талқыға берілген іс-шаралар жоспары – қоғаммен мақұлданды.

 

 

«Сабитхан» ШҚ-ның басшы

міндетін атқарушысы                                                                        Е.Т. Арбиев                                      

 

Хатшы:                                                                                               С.А. Корепанова

Қоғамдық тыңдаулар

хаттамаларына

1 Қосымша

 

Қоғамдық тыңдаулар қатысушыларының тіркелген тізімі:

 

Қатысқан өкілдер:

1. Н.З. Конротбаев -  «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ» ММ бас маманы________________________________________

2. С.С. Сулейменов – Павлодар облысы бойынша мемлекеттік экология инпекторы_____________________________________

3.И.А.Шатилова- «Промсервис-Отан» ЖШС санитарлы сақтандыру зертханасының бастығы _______________________________________

4. Е.А.Шатилова - «Полигон» МКК-ның инженері-экологі____________________________      

  

 

«Сабитхан» ШҚ қызметкерлері:

  1. А.Т.Арбиев ____________
  2. Б.Д.Арбиева ___________
  3. Ш.Д. Афенова__________
  4. О. Логай_______________
  5. С.А. Корепанова_________

 

Қала тұрғындары:

  1. С.Тян_________________
  2. В.В. Хан______________

                                                      

 

 

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза